Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет252/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Расында  да  біздің  бөлменің  едені  сықырлауық  болатын.  Әсіресе  Төлеубек 

жатқан  тұстың  тақтайы  шіріген  еді  де,  оның  төсегіне  қарай  аяқ  бассаң 

бажылдап қоя беретін. 

– Иә. 

– Басымды көтеріп алып едім, біреу Төкеңнің чемоданын тықырлатып жатыр 



екен.  «Әй»  деп  қалып  едім,  ұры  демін  ішіне  тартып,  еденге  үн-түнсіз  жата 

қалған  сияқты  болды.  Тегі  Төкеңнің  чемоданындағы  құрт,  май,  жентін 

ұрлауға келген біреу болуы керек. 

Жомартбек сөзінің жаны бар сияқтанды. 

– Онда Төлеубекті неге оятпайсың? 

–  Төке,  Төке!  –  деді  Жомартбек  дауыстап.  –  Төке,  тұрыңыз,  қасыңызда  ұры 

жатыр. 

Төлеубекте үн жоқ. 

– Әне, айттым ғой, Төкең қатты ұйықтап қалған. 

– Ендеше шам жақ. Пернешті оят. 

Жомартбек шам жақты. Пернеш те оянған екен. Бәріміз анталап Төлеубектің 

төсегіне  қарадық.  Ол  басын  бүркеп  алып  қаннен-қаперсіз  ұйықтап  жатыр. 

Төсегінің  астындағы  күні-түні  құлып  кетпейтін  қара  чемоданның  аузы 

ашылып қалыпты. 

– Әне, айттым ғой, – деп Жомартбек баж ете түсіп, жүгіріп барып Төлеубекті 

жұлқылады. 

– Ойбай, тұрыңыз, Төке, чемоданыңызға ұры түсті. 

Бірақ Төлеубек тұратын емес. Басын қымтап алып құныса түседі. 




258 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет