Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет250/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Қыс  пен  көктемді  осылай  өткіздім.  Тек  жазғы  емтихан  болғаннан  бергі 

жексенбілер ғана сабаққа әзірлікке кетіп қалды. Бірақ бүгін тағы да, әкемнің 

үйіне  бара  жатқандай,  лағып,  сексеуіл  базасына  қарай  бет  қоюыма  тура 

келді. Себебі сен емтиханға әзірленіп жатыр екен деп өз-өзінен қалтаңа көк 

тиын келіп түспейді ғой. Ал, қалтадан ақша кетсе, қарынның берекесі кетеді. 

Ақшаң  барда  тойған  қозыдай  томпайып  үнсіз  жататын  моп  -  момақан, 

қарның қалтаң қағылса ішіне қоралы қасқыр кіріп кеткендей боп, ұлып шыға 

келетіні  бар  емес  пе.  Шұрылдап-шуылдап,  құрылдап-қорылдап  мазаңды 

алатынын  қайтерсің.  Әсіресе,  қыздардың  қасында  отырғанда  қинайтынын 

айтсаңшы  оның.  Ішегін  шұрылдап,  қарның  күндей  күркіреп  жөнелгенде 

шекеңнен  тер  шып-шып  шығып  қысыла  бастайсың.  Сол  кезде  Қанипаның: 

«Ербол,  ішіңе  ит  қамап  қойғанысың?  Қоя  берсеңші  ол  байғұсты»  деп 

әзілдеген боп өз-өзінен сақылдап кеп күлетінін айтсаңшы. Қыз күлкісі деген 

бір жерінен от тисе барлық тұсы бірден лап ете қалатын ашық ыдыста тұрған 

бензин іспетті емес пе? Тек Меңтай ғана олармен қосыла күлмейді.  Бәлкім, 

ол  мені  аңғармаған  болып,  дайындалып  отырған  пәнімізге  қажетті  аса  бір 

керекті датаны іздегендей, дәптер бетін парақтай береді. 

Бүгін мен, Қанипа айтқандай, ішімдегі «қамаулы итті» босатып қоя беру үшін 

келе  жатырмын.  Келе  жатып  Жомартбектің  бір  қылығы  ойыма  түсіп  кетеді 

де, ақырын мырс етіп күліп аламын. 

Бір  бөлмеде  мен,  Жомартбек,  Пернеш,  Төлеубек  төртеуміз  тұрамыз. 

Солардың  менен  басқа  үшеуінің  де  үйінен  азық  келеді.  Жомартбек  үйінен 

келгеннің  бәрін  қаладағы  жақындарынікіне  қалдырады.  Пернешке  бірдеңе 

келсе,  жұртпен  бөліп  жеп  тез  тауысуға  құмартады.  Алғаш  дәм  татқаннан 

кейін қалғанын өзі жесін деп, біз үнемі шегіншектей береміз. Сабақтан келе 

сала, оны-мұныны сылтауратып, бөлмеден шығып кетеміз. 



256 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет