Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет249/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Мен осылай деп түйдім. 

Бұл  кезде  мен  жұмыс  істейтінмін.  Жазуымды  жазып  болдым  да,  жұмысқа 

барғанша  кішкене  тынығып  алайын  деп  төсегіме  жантайдым.  Ұйықтап  қап, 

жұмыстан кешігіп жүрмейін деп және ойладым. Олай деп ойламай қайтейін, 

бұл менің әрең қолым жеткен қызметім ғой. Төсекте шалқамнан жатып, бұл 

жұмысқа қалай орналасқанымды есіме түсірдім. 

...Оған  дейін  мен  жексенбі  сайын  жатақхана  маңында  көрінбей  жоқ  боп 

кететінмін.  Қайда  кетіп,  не  тындыратынымды  бір  бөлмеде  жататын 

Жомартбек те, Пернеш те, Төлеубек те білмейтін. Олар білмеген соң қыздар 

мүлде  сезбейді.  Жұртқа  сездірмей  мен  жексенбі  күні  таңертең  ерте 

Фурманов  көшесіне  түсіп  алып,  төмен  қарай  заулаймын.  Көше  мен  темір 

жолдың  түйіскен  жерінде  сексеуіл  базасы  бар.  Жексенбі  сайын  оған  отын 

тиеген  эшелон  келеді.  Оны  түсіру  үшін  базаға  қосымша  жұмыс  қолы  қажет. 

Мен  база  жұмыскерлерімен  жалғасып  платформадан  жерге  сексеуіл 

құлатысамын.  Темір  жол  жиегіне  біз  құлатқан  сексеуіл  тау  болып  үйіліп 

қалады. Қала тұрғындары оны бірнеше күн бойы біреу есек арбамен, біреу ат 

арбамен,  қолы  ұзындаулар  машинамен  алып  кетіп  жатады.  Әркімге 

қолындағы  талонына  қарай  отын  беріледі.  Кімнің  қанша  отын  алатынында 

менің  шаруам  жоқ.  Мен  кешке  еңбегім  үшін  қолыма  тиген  250  килограмм 

сексеуілдің талонын білемін. 

Соны  сатып,  ақшасын  стипендияма  жалғап,  бір  апта  бойы  талшық  етемін. 

Кешке  қарай  жатақханаға  қайтқанда  екі  аяғыма  екі  пұт  темір  байланып 

қалғандай боп әрең қозғаламын. 

Ертеңінде де өн бойым ауырып, жайсыз күйде боламын. Содан кейін бірте-

бірте  құрыс-  тырысым  жазылып,  келесі  демалысқа  дейін  денемнің 

ауырғанын мүлде ұмытып кетемін. 



255 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет