Әдеби KZ
Шалғынбаев шалқалап кеп күлді.
– Саған неғылған жұмыс? Сен студентсің ғой.
– Студент болсам да, жұмыс істемесем болатын емес: тұрмыс қиын боп
барады, - дедім мен шынымды айтып. – Таңертең лекцияда болып, түстен
кейін жұмыс істер едім. Тіпті түннің бірсыпыра жеріне дейін істеуге де
бейілмін.
Тегі менің үнім жалынышты боп шықты-ау деймін, Шалғынбаев енді күлмеді.
Оның күлмегенін пайдаланып, мен өзімнің қыстай демалыс сайын
жалданып, ептеп ақша тауып келгенімді айттым.
– Әй, сонда сен қанша ақша таптың? – деді Шалдуар тоқтай қалып, мені
иығымнан жұлып, өзіне қаратып.
«Әй», «өй» деп сөйлеу, сөйлегенде қасындағы адамын иықтан, желкесінен
періп қалу, жұлқып өзіне қарату Шалдуардың әдеті екен. Байқаусыз келе
жатқан мені оң иығымнан жұлып қалғанда құлап түсе жаздадым. «Мынаған
не болған?» деп ойлап апалақтап оның бетіне қарап едім, Шалдуардың
менің тәлтіректеп барып түзелгенімде шаруасы жоқ, бедірейіп өз сұрағына
жауап күтіп тұр екен.
– Жексенбі сайын 20-30 сомға дейін қаратушы едім, – дедім мен мардымсып.
– Ол көп ақша ғой!
Шалдуар екі санын шапалақтап, қарқылдап кеп күлді. Одан соң ол мені тағы
да иықтан періп қалып, жол шетіндегі арыққа құлата жаздады.
– Көп ақша дейді! – деді ол ішін басып, күлкісін тыя алмай. – Тапқан екенсің
көп ақшаны.
– Ол күлкісін әрең басып, менімен қайта қатарласты. Тағы да мақтана
сөйледі. – Сенің ол «көп ақшаң» біздің бір кішкентай информацияның құны
263
Достарыңызбен бөлісу: |