Әдеби KZ
Мінеки, осыдан жиырма шақты күн бұрын мен қызметке осылай орналасқан
едім. Күн сайын кешкі алтыда редакцияға барамын. Түнгі он бір-он екіде
жұмысымды бітіріп, жатақханаға қайтамын. Алғашында «курьер» деген
сөздің мәнісін жөнді біліңкіремей де жүрдім. Сөйтсем, редакция мен
баспахана арасына қағаз тасушы кісіні осылай деп атайды екен. Редакцияда
екі курьер бар. Күндізгі курьер Даниловна дейтін қартаң әйел. Кешкі алтыға
дейін редакциядан баспаханаға қағазды ол тасиды, кешке ол жұмысқа мен
кірісемін. Біздің таситынымыз редакция бөлімдерінің күн сайын газетке
басылуға даярлайтын мақалалары. Соны жиналған сайын топтап
секретариаттан алып, баспаханаға апарып тастаймыз. Цех бастығы курьерден
келген мақалаларды қол қойып алады да, дереу линотиписткаларға бөліп
береді. Олар алдарында тұрған пианино тәріздес машиналарға –
линотиптерге отыра қалып, мақала сөздерін қорғасынға көшіреді. Осылайша
екі курьердің күні бойы кезектесіп баспаханаға тасыған қағаздары ертеңінде
газет болып шығып, оқушылардың қолына жетеді.
Маған редакция да, баспахана да қызық. Күн сайын екеуінің де жұмысын
жайын ақырындаптүсіне түстім. Түсінгеннен кейін өзімді қатар жатқан қос
көлдің айдынына кезек сүңгитін қоңыр үйрекке теңедім.
Редакцияның негізгі мақалалары баспаханаға көбіне күндіз жөнелтіледі екен.
Кешке күндіз үлгермеген азын-аулақ мақала, көбінесе алдағы нөмерлерде
басылуға тиіс запас материалдар тасылады. Анда-санда ТАСС-тан келген
тығыз мақалалар болады.
Аударылғаннан кейін баспаханаға соларды жеткіземін.
Қалай дегенде кешкі курьердің бос уақыты көп болатын. Ондай сәттерді бос
жібермей, мен оңаша кабинеттердің біріне кіріп алып емтиханға
әзірленетінмін. Ал емтихан өткізген күндері Даниловна апайдың қуанышына
273
Достарыңызбен бөлісу: |