Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет235/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Бәрі аз бағасына барша санның, 

Тәж, тағы, мал мен мүлкі патша, ханның, 

– Меңтайды мәңгі құшып сүйетұғын 

Бар екен не арманы жігіт жанның ?! 

* * * 


Дәптерді өзіне қайтарып берейін деп, алпыс екінші бөлмеге барсам, Меңтай 

бүгін түстен кейінгі поезбен каникулға ауылына қайтпақ боп әзірленуде екен. 

Кітаптарын текшелеп буып қойыпты. Үстел  үстінде, аузы жайындай ашылып 

қара  чемодан  жатыр.  Қанипа,  Майра,  Ақанас,  Назиләш,  Зайкүл  бәрі  сонда 

жиналған, жапырласып жүк жинасып жүр. 

– Өй, сен қайда жүрсің? – деді Зайкүл мені көре салып, жүк салатын кенепке 

тығыздап  жатқан  Меңтайдың  көрпе-жастығын  тастай  беріп.  –  Аузын 

түймелеп, бу мына қызыл көрпені. 

Мен  қолымдағы  дәптерді  Меңтайға  қайырып  үлгіргенше,  Зайкүл  ағаш 

тұтқалы,  жүк  буатын  екі  айыр  брезент  белбеуді  менің  мойныма  салып  кеп 

жіберіп,  бұйдалап  алған  тайлағындай  елпеңдетіп,  жүгі  жиналған  жалаңаш 

төсекке қарай жетелей кеп жөнелді. 

– Қойсаңшы, Зайкүл, – деп қыздар ду күлісіп жатыр. 

–  Е,  не  қоятыны  бар.  «Қызыл  көрпе»  деп  таңдайы  тақылдағанда  сондай, 

бусын қызыл көрпесін. 

Мен бұрылып, қолымдағы дәптерді Меңтайға ұсындым. 

–  Ә,  менің  дәптерім  бе?  –  деп  Меңтай  оны  маған  бергенін  мүлде  ұмытып 

кеткен  сияқтанып,  жайлап  қолына  алды  да,  бетін  ашпастан  ашық  жатқан 

чемоданның ішіне тастай салды. Мен біреу-міреу дәптерді ақтарып, ондағы 



241 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет