Әдеби KZ
Пештің қызуы руданы балқытып, оның бойындағы құрышты қоқыстан бөліп
алуға мүмкіндік береді. Содан соң шебердің таза құрышты қайта
пайдаланамын десе де еркі бар. Ал жігітті руда сияқты пешке салып балқыта
алмайсың. Оны тек әйелдің махаббаты ғана балқытады. Күшті махаббаты
бар, ақылды, сабырлы әйел ғана жаман жігіттен жақсы жар жасап ала алады.
Содан кейін олар бірінің айтқанынан бірі шықпай, сыйласымды, тату-тәтті
өмірді бастарынан кешіреді. Бұл жолда әйелдің көп қажыр, қайраты
жұмсалады. Ол жақсы жарды содан соң барып табады.
– Апам байғұс бұл әңгімесін маған бір емес, бірнеше рет қайталап айтқан еді,
- дедім З. ға бұрылып. – Сондықтан құлағымда қалыпты. - Ал енді мен саған
не деймін? Менің айтар ақылым біреу ғана...
– Е, соны айтшы, – деді З. шыдамсызданып.
– Менің айтар ақылым мынау ғана: өзің біл, өзің ойлан, өзің есепте. Қыздың
өзіне лайық өмірлік жар таңдауы ауыл боп ақылдасып, базардан ат сатып алу
емес. Өзің оны жақсы жігіт деп шаң жуытпай тұрсың. Ал жақсы жігіттің әлден
арақ ішуі маған ұнап тұрған жоқ.
Қосылған соң кемшілігін түзеп әкетуге әлім келеді, апам айтқандай,
махаббатымның күші, өз қажырым оған жетеді десең, өзіңе серік ет оны.
– Сонда оны жаман жігіт дегің келе ме?
– Менің ешкім жайында асығыс пікір айтқым келмейді. Оның үстіне өзім
көрмеген, білмейтін адамым туралы олай деп тіпті де айта алмаймын.
Бәлкім, бір қарағанда біреуге біреу жаман көрінгенімен, негізінде ол жақсы
адам боп шығар, кім біледі. Жігіт үстіндегі көйлек емес қой бірден иә жақсы,
иә жаман деп бағасын беретін.
– Осындайдың бәрін қайдан білесің? – деді З. күліп.
237
Достарыңызбен бөлісу: |