Әдеби KZ
– Қойшы, сен білесің ғой, адамның жақсы, жаманын бірден айырасың ғой, –
деп 3.
– Танысқандарыңа қанша болды? – дедім ол қыр соңымнан қалмаған соң.
– Бақандай он алты күн.
– Тым аз екен, – дедім мен басымды шайқап.
– Сеніңше, жігіт пен қыз қанша уақыт таныс боп жүруі керек?
– Бір жыл, екі жыл.
– Ойбай, - деп 3. ның көзі бақырайып кетті. – Оған дейін менің ішім жарылып
кетеді-ғой, Меңтай-ау.
– Жігіттің жанын сынау айлар мен жылдарды керек етеді дейді, – деп мен
күлдім.
– Қойшы, күлмеші, мен оның барлық қасиеттерін санап шығайын, сен маған
оның қандай жігіт екенін айтып берші.
З. өлердегі сөзін айтып, жалынғандай болды. Мен оған екі-үш сұрақ қойдым.
– Жігітің арақ іше ме?
– Ептеп ішеді, бірақ көп емес.
– Mac болғанын көрдің бе?
– Бір-ақ рет. Онда да бір вечерде жолдастары іш-іш деп болмаған соң...
– Басқа қандай мінін білесің?
– Басқа ешқандай міні жоқ: жақсы билейді, иіліп тұрады, киноға апарады.
Оның үстіне ағасы жақсы қызметте көрінеді. З. мен жігітін жаман екен деп
айтып қала ма деп сасқалақтағандай, оны үсті-үстіне мақтай жөнелді.
235
Достарыңызбен бөлісу: |