Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет230/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Қой,  З.,  –  дедім  мен  тағы  күліп.  –  Бұл  сұрақтарды  саған  әшейін,  әзіл  үшін 

қойып  жатырмын.  Мен  сырлас  емес  кісіге  сын  айта  алмаймын.  Бірақ 

апамның  бір  жігіт  жайында  айтқаны  есімде  қалыпты.  Қаласаң,  соны  айтып 

берейін. 

– Айтшы, жігіттерді қалай сынау жайында болар, – деп З. одан сайын үздіге 

түсті. 

Апам  мен  жоғары  класқа  көшкеннен  кейін  өмірдің  әр  алуан  қиындығы, 

жақсы  мен  жамандық,  әр  қилы  адам  мінездері  жайлы  әңгімелер  айтып 

отыратын.  Сонда  байғұс  апам  айтқанының  барлығы  менің  құлағыма  сіңе 

берсін деп ойлайды екен ғой. Бір күні апам өз- өзінен отырып, маған жігіттер 

жайлы әңгіме айтты. 

–  Өмірде  мінсіз  кісі  болмайды,  –  деп  бастады  апам  сөзін.  –  Қызға  жігіт  жүз 

процент  жақсы  боп  ешқашан  да  кездеспейді.  Жігітті  жүз  процент  жақсы 

ететін  жақсы  жар, жақсы  әйел  ғана.  Сондықтан  қыз  балалардың  дап-дайын 

жақсы күйеуге шыға қоямын деуі қиын. –  

Апам  осылай  деп  басын  бір  шайқап  қойды.  Мен  әлдебір  кітапқа  көз 

жүгірткен боп, үнсіз тыңдап отыра бердім.  – Ол жігіттердің де кінәсі емес, – 

деді апам қайтадан сөзін жалғап. –  

Олардың да бұл істе білімі, тәжірибелері жоқ. Келіншек алу керектігін білсе 

де, онымен қалай өмір сүру керектігін білмейді. Оны жүре-жүре жігітке өмір 

үйретеді.  Сондықтан  жас  жігіттер  маған  кесек-кесек  руда  іспеттес  болып 

танылады. Ал жас әйелге сол руданың кенін алып, жақсы мүсін жасау қажет, 

өзінің көңіліндегідей күйеу етіп шығаруы керек. 

Бұл үшін біреудің еркесі боп бұлғақтап өскен қыз байғұста тәжірибе жоқ. Уһ! - 

деп  апам  әлде  бір ауыр  жүк  арқалап  келе  жатқандай  боп күрсініп  қойды.  – 

Әрине,  руданы  іс  қылу  оңай.  Ол  үшін  заводта  арнаулы  мартен  пеші  бар. 



236 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет