Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет226/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

менің  әйелді  түнгі  бөлмеде  маздап  жанып  тұрған  шыраққа  теңегім  келеді. 

Олай  дейтінім,  шырақ  бүкіл  бөлмеге  сәуле  шашып,  нұр  таратады.  Соның 

жарығымен  үй  ішінің  күндізгі  тіршілігі  жалғасып,  шаруасы  істеліп,  реттеліп 

жатады. Сағат сайын шырақтың майы азайып, бойы аласаpa береді. Ең соңғы 

тамшы  майы  сарқылып,  біткеннен  кейін,  «ал,  маған  разы  болыңдар» 

дегендей  ,  кеудеден  ақтық  рет  дем  шығарғандай  бір  дір  етеді  де  шырақ 

сөнеді. Ол жан-жағына үздіксіз жарық шашып, қараңғылықты қуалаумен бар 

өмірін өткереді де, мәңгі өшеді. 

Байқап, барлап қарасақ, әйелдің де өмірі осыған ұқсайтын сияқты. Бойжетіп, 

босаға  өзгертіп,  басынан  қыз  дәурені  кеткеннен  кейін  ол  қызметке  тұрады, 

жұмысқа орналасады. 

Біраздан  кейін  балалы-шағалы  болады.  Одан  соң  қызмет,  күйеу  және 

баланың ғана қамын ойлап, бар жанын соларға салып, дедектейді де жүреді. 

Кешке, артынып-тартынып  жұмыстан келе сала, білекті сыбанып жіберіп, үй 

ішіне  ас  әзірлейді.  Көпшілік  еркектер  түз  шаруасы,  кеңсе  қызметінен 

келгеннен  кейін,  жығылып  қалмау  үшін  дөңгелек  үстелді  жағалаған  жас 

баладай  болып,  диванды  төңіректейді.  Мен  мұны  ауылдан  да  көп  көрдім, 

қаладан  да  байқадым.  Ал  әйел  оған  мүлде  қабақ  шытпайды,  балаларының 

бетінен  бір-бір  иіскеп  алып,  үй  ішін  күміс  күлкіге  толтырып,  жайраңдап, 

жарқылдап  жүре  береді.  Мен  осының  бәрі  әйел  жүрегіндегі  шексіз 

махаббатқа  байланысты-ау  деп  ойлаймын.  Меніңше,  әйел  махаббаты  –  ең 

күшті махаббат. Еркектер әлімен күшті болса, әйелдер махаббатымен мықты. 

Әйел  махаббаты  –  әлемнің  тұтқасы.  Мен  осылай  деп  түсінемін.  Әйел 

махаббатының күші жердің тарту күшінен кем емес-ау деп ойлаймын. 

Мінеки,  әйел  деген  осындай  ерекше  еңбекші  жұрт.  Ол  дүниеге  өмір 

таратады,  коғам  игілігіне  еңбегімен  үлес  қосады,  семьяға  қуаныш  әкеледі. 

Сол  үшін  ол,  қарлығаштай  лыпып,  ешқашан  тыным  таппайды.  Бұдан  басқа 




232 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет