Әдеби KZ
– Ол, біріншіден, ойынның шартына байланысты болды ғой, - деді Меңтай. –
Екіншіден, сіз менің ағайым іспеттісіз. Ағасы бетінен сүйгенге қарындасы
өкпелеуші ме еді?.
– Шын өкпелеген жоқсың ба? – дедім мен қуанып кетіп.
– Шын, – деді Меңтай байсалды үнмен.
– Онда рақмет саған...
Біраз жүргеннен кейін тағы да үн қаттым.
– Меңтай, бір өтінішім бар еді айтатын, – дедім.
– Айтыңыз.
– Рұқсат етсең, жаңағы оқығандарыңды көшіріп алар едім.
Меңтай үнсіз екі-үш аттады. Содан соң барып жауап берді.
– Дәптерде басқа да шимайларым бар еді, – деп баяу айтты да, тез шешімге
келді. -
Жарайды, алыңыз. Бірақ басқа ешкімге көрсетпессіз.
– Көрсетпеймін, – дедім мен ант еткендей елпілдеп. Қыз қолтығындағы
дәптерін маған берді.
Бағана, оны бір сүйгенше сүйегім балқыған еді. Енді, дәптері қолыма
тигенде, патшаның сарайынан көтергенінше алтын алған қайыршыдай
қуандым.
Жатақханаға жетіп, бөлмеге кіргеннен кейін стол басына отыра қалдым да,
шамды көлеңкелеп алып, қадалып қыз дәптерін оқуға кірістім. Дәптердің
алғашқы бірнеше бетіне
228
Достарыңызбен бөлісу: |