Әдеби KZ
деп қызының құлағына сіңіріп отырған-ау тегі. Ақылды ананың адал
перзентіне берген ақ бата – тәрбиесіне не жетсін, шіркін!»
– Ал, Меңтай, сыйлығыңды ал.
– Не тілейсің, – десті қыздар қаумалап.
Менің жүрегім, қос ішегі қатты бұралған домбырадай болып, соғуын
тоқтатып, тынып қалған сияқтанды. Меңтай не тілер екен, Зайкүлше, біреу
келіп бетімнен сүйсін дер ме екен? – деп ынтықтым.
Меңтай басын шайқады.
– Бұл менің өз жанымнан шығарғаным емес, мен апамның айтқандарын ғана
оқып бердім.
Сондықтан мен оған ешқандай сыйлық тілемеймін.
Менің екі бетім ду ете түсті. Жаңа, өз кезегім келгенде, біреудің сөзін оқып
бергенім үшін ақы іздеп, Меңтайдың бетінен сүйгеніме ұялдым.
Кешіміз көңілді болып, ұзаққа созылды да, университеттен жатақханаға кеш
қайттық.
Улап-шулап, көшені басымызға көтере дабырласып келе жаттық. Бір қаға
берісте мен
Меңтайға тіл қаттым.
– Меңтай, сен маған өкпелеп қалған жоқсың ба? - дедім.
– Неге?
– Бағанағы сүйгенім үшін.
227
Достарыңызбен бөлісу: |