Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет217/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

шешемнің  айтқан  бірсыпыра  сөздері  жазылған.  Шешем  бастауыш  мектепте 

мұғалімдік  қызмет  атқарған,  сауатты  кісі  болатын.  Оқыған  кітаптарының  ақ 

бетіне өз ойларын жазып тастай салатын. 

Менің  он  жасыма  дейін  біз  ауылда  тұрдық.  Одан  соң  Риддер  деген  қалаға 

көшіп барып, әкем жұмысшы болды. Былтыр ауылға барғанда (әкемнің інісі 

ауылда  тұрады)  апам  оқыған  кітаптардың  беттерін  бір-бірлеп  ақтарып 

отырып,  оның  өз  қолымен  жазған  жазуларын  мына  дәптерге  көшіріп  алған 

едім.  Талай  қызық  кітапты  өздерің  де  оқып  жүрсіңдер  ғой.  Мен  сендерге 

апамның жазғандарын айтып берейін. Мұның кей тұстары тұрпайылау да боп 

көрінер. Бірақ бәріміз де ес білген ересек балалармыз ғой, ондайларын алып 

тастамай-ақ тұтас оқи берейін. 

– Дұрыс. 

– Жөн. 


– Оқы, Меңтай, – дедік біз жарыса шуылдап. Меңтай тамағын кенеп алды да, 

асықпай  жайлап,  бірінің  соңынан  бірін  тізіп,  ана  жүрегінен  шыққан  ақылды 

нақылдарды ақтара бастады. 

1. Жазғы салқыннан жаныңды аяма. 

2. Ешқашан да, ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да жақсылығы 

болады. 


3.  Қыз  көйлегінің  етегі  тізеден  жоғары  шықпауы  керек,  себебі  қыздың 

жалаңаш жеріне көп көзінің құрты түскіш келеді. Ал халықта: «Есті қыз етегін 

қымтап ұстайды» деген мақал бар. 

4.  Әйелдің  жалаңаш  денесі  еркектің  құмарлығын  қоздырады.  Ақылмен 

бөгеп,  сабырмен  тұсалмаған  құмарлық  таудан  төңкерілген  сел  сияқты: 

жолындағының  бәрін  ұйпа-тұйпа  етіп,  жайпап,  жойып  кетеді.  Сондықтан 




223 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет