Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет214/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Екінші бетін оқыған жоқ, Майра. Ербол енді қағазының екінші бетіндегісін 

оқысын, - деп елбелектеп ұшып кете жаздады. 

Абаева маған қарап, «Зайкүл бәрін естімей тынбайды» дегендей жымиды да, 

басын изеді. 

Бұл  төрешінің  «тағы  оқы»  деген  әмірі  еді.  Әскерде  командир  бұйрығын  екі 

етпей орындап үйренген басым, қағазымның бүктеуін қайта жаздым. 

–  Бұл  үзінділер  Үндінің  жазушысы  Дандиннің  «Он  ханзаданың  басынан 

кешкен оқиғалары» деген кітабынан алынды. Ал, тыңда, Зайкүл, - дедім мен 

алдымен жүзі жайнап, құлпырып отырған Зайкүлге қарап алып. 

– Оқи бер, оқи бер, - деді Зайкүл шыдамсызданып. – Мен тыңдап отырмын. 

Мен тағы да оқуға кірістім. 

"Махаббат  жайына  келетін  болсақ,  оның  мәні  адамға  дүниеде  теңдесі  жоқ 

өзгеше  рахат  беретіндігінде.  Кеудесін махаббат  кернеген еркек  пен  әйелдің 

ойлайтыны  өмірдің  өзгеше  сол  рахатына  жету  ғана  болады.  Жүрегіне 

махаббаттың  нұры  түскен  жанның  жай  жұрттан  өзгешелігі  оның 

айналасының  бәрі  күліп,  қуанып  тұрғандай  күйде  болады.  Ынтызар  екі 

жанның құшақтарының айқасуы өздеріне өшпес қуаныш боп танылып, кейін 

сол сәтте еске алудың өзі ол екеуін ерекше елтітіп, өзгеше шаттыққа бөлейді. 

Жүректі  кернеген  осы  қуанышқа  жету  үшін  үлкен  қызметтегі  адамдардың 

өздері аса қиын ерліктер жасауға дейін барып, мол-мол сыйлықтар тартады. 

Қауіпті іс қатерлі жанжалға дейін тәуекел етеді... 

...Әйелге,  әсіресе  жүрегінде  біреуге  арналған  маздаған  махаббаты  бар 

әйелге, өзі сүймейтін еркекке еріксіз қосақталудан қиямет қорлық жоқ. 

...Мені махаббаттың улы жыланы шақты аямай. Жаныма дәрі, дертіме шипа 

сен ғана! 




220 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет