Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет211/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

ыңғайланып  бара  жатты.  Зайкүл  құйтыңдап,  басын  қиқаңдатып,  ернін 

ыңғайлай  бастады.  Жомартбек  оны  өзіне  қарай  ұмтылта  түсті  де,  басын 

шапшаң  бұрып,  шөп  еткізіп  Зайкүлдің  қасында  отырған  Назиләштің  бетінен 

сүйді.  Зайкүл  сүйісуге  ыңғайлап  шошайтқан  ернін  не  істерін  білмей,  түсі 

бұзылып  нәумез  боп  қалды.  Оны  бағып  отырған  біз  және  қыран  күлкіге 

баттық. 

–  Зайкүл,  немене  сүйіскің  келіп  пе  еді,  кел,  –  деді  Жомартбек  ештеңе 

болмағандай жайбарақат оған қарай бұрылып. 

–  Архимедтың  тұтқасын  ұстағандай  болмай,  аулақ  кетші,  -  деді  Зайкүл  теріс 

айналып. 

–  Менің  өз  тұтқам  да  жетеді,  –  деді  Жомартбек  бейнебір  Зайкүлмен 

ұрысқандай баж ете қалып. – Біреудікі маған дәрі емес. 

Осылай  деп  Жомартбек  Зайкүлге  қарап  күлейін  дегендей  боп  ыржиып  келе 

жатты  да,  дереу,  біреумен  төбелесіп  қалғандай,  түсін  томсырайта  қойды. 

Бұлай, бет бейнесін лезде екінші түрге түсіре қою сияқты артистік өнер курста 

Жомартбекке ғана тән болатын. 

Осынысымен ол бәрімізді бұрын да талай рет күлдірген еді. Бұл жолы да ол 

біздің күлмес еркімізге қоймады. 

Қанипа, Сақила, Назиләш үшеуі үш жақтан қол көтерді. 

Майра  үшеуіне  де  бас  изеді.  Олар  ортаға  келіп,  соғыс  кезінде  шыққан 

«Көкем-ай» деген әнді шырқады. 

Елде  жүрген  жас  бауырдың  майдандағы  ағасын  сағынып,  жүректің 

запырандай  зарымен  айтқан  жан-жүйені  босатар  ащы  әні  аудиторияны 

кернеп  кетті.  Үш  дауыс  қосыла  шырқап  «Көкем-ай!»  деп  зарланғанда 

терезенің шынысына дейін дірілдеп, қалтырап кеткендей болды. 




217 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет