Әдеби KZ
– Менің негізгі мақсатым КазГУ-ді бітіріп, жақсы азамат боп шығу екенін
өздерің де білесіңдер, қыздар. Одан маңызы ешбір кем емес тағы бір
мақсатым бар.
– Ол не? – деді шыдамсыз Зайкүл.
– Ол, – деді Жомартбек, – жақсы әйел алу. – Бұл сөз де қыздардың ду
күлкісіне ұласты.
Сыңғырлаған тәтті күлкілер тоқталғаннан кейін, Жомартбек сөзін жалғады. -
Сендер күлесіңдер. Сендерге оңай бұл. Сендер немене, жақсы көрген
жігіттеріңе құлағынан басып отырып, шығасыңдар да аласыңдар. Болмай
бара жатса, комсомол ұйымына арыз бересіңдер. Ана жігіт менімен көңіл
қосып еді. Енді қарамай кетті дейсіңдер. Ал комсомолдың құрығы ұзын –
жігітті, шетке шыққан саяқ жылқыдай етіп қайырып әкеп, арыз айтқан қызға
қосақтайды. - Қыздар тағы да бөлмені бастарына көтере күлісті. - Ал, Ербол
ағай екеуміздің жайымыз мүлде басқаша. Алдымен біз қай қыз жақсы деп
басымызды бір қатырамыз. Жақсы қыз мені жақсы көре ме, айтқанымды
қабылдай ма деп және дел-сал боламыз. қойшы не керек, жігітке жақсы жар
тауып алу оңай емес.
Сондықтан мен сендерге қазір алдымен жақсы қатын, одан соң жаман қатын
туралы екі өлең айтып беремін.
Осылай деп Жомартбек домбыраны қағып-қағып жіберді де, аудиторияны
басына көтере шырқап қоя берді.
Аққұба қатын алсаң, бойы сұңғақ.
Қасыңа шақырғанда келсе зырлап.
Дауысы: «Әу» дегенде әрең шығып,
Кеудесі еңкейгенде етсе бұлғақ.
214
Достарыңызбен бөлісу: |