Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет206/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

деген  бірінші  бөлімі  осымен  бітті.  Оның  «Ойнау,  ойлау,  өнер  таныту»  деп 

аталатын  екінші  бөлімі  басталды.  Бұл  бөлімде  әркім  өзінің  бұрыннан  осы 

күнге  арнап  даярлаған  ең  оригиналды  деген  ойынын  ортаға  салады.  Ең 

жақсы  деп  танылған  номерлерге  мынадай  сыйлық  беріледі:  ұлдар  қалаған 

қызының бетінен сүйеді; қыздар қалаған адамына өз тілегін орындатады. 

Бәріміз  аудиторияның  ортасын  босатып,  алқа  қотан  отыра  қалдық. 

Алғашында  жүрексініп,  ешкім  ортаға  шықпады.  Бәрімізден  батыл  Зайкүл 

болды. Бір кезде ол мойнын жас баладай былғаңдатып ортаға шықты. 

– Ал, не айт дейсіңдер. 

– Біз ештеңе демейміз, арнап әкелген өнеріңді өзің көрсет. 

–  Ей,  қыздар-ай,  –  деді  Зайкүл  күліп.  –  Менде  кімнен  шпаргалка  аламын 

дегеннен  басқа  не  ой,  алған  шпаргалканы  өз  сөзімдей  етіп  төпеп  айтып 

шығудан басқа не өнер болды дейсің. 

Бәріміз ду күлдік. «Өзі ақ жүрек» десіп жатыр біреулер. - Одан да бір ән айт 

десеңдерші маған. 

– Айт. 

– Дұрыс. 

Зайкүл  сызылтып  «Дударайды»  айтты.  Әнін  бітіре  салып,  тақпақ  айтқаннан 

кейін  дереу  кәмпит  сұрап  алақанын  жайған  баладай  болып,  төрешіміз 

Абаеваға қарап, бірден ақы сұрады. 

–  Майра,  менің  бұл  әніме  сыйлыққа...  –  деп  келе  жатыр  еді,  Жомартбек 

орнынан ұшып тұрды. 

–  Жоқ,  саған  сыйлық  берілмейді,  –  деді  ол.  –  Сен  оригиналды  ештеңе 

орындаған жоқсың. 



212 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет