Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет203/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

елдің  ертегісінде  айтылатын,  қай  елдікі  еді  өзі,  иә  қызыл  бөрікті  қызды 

жұтқан  сұр  қасқыр  сияқты,  «ап!»  деп  асап  қойғанда  білерсің  әлі  тажалдың 

кім екенін, жалмауыздың не екенін. «Қызыл көрпені» ұмытып кеттің бе өзің? 

Ол  жай  шығарыла  салған  өлең  емес.  Ол  жалмауыздың  саған  қарап 

жалақтаған тілі де, шырағым. 

Қыздар бұған да мәз боп қалды. Бұл жолы мен де күлдім. Тек Меңтай ғана не 

күлерін, не күлмесін білмей сәл отырды да, артынан амалсыздан езу тартты. 

–  Зайкүл  не  десе,  о  десін,  -  деді  Меңтай  қыздардың  күлкісі  тыйылғаннан 

кейін. – Бірақ біздің ағай ондай кісі емес! 

– Көрерміз, - деді Зайкүл де ерегесіп. 

– Иә, – деді Қанипа күліп. 

Жаңағы Зайкүл айтқандай менің қыздарға қызыға қарайтыным рас еді. Бірақ 

менің  қарауым  Дон  Жуанның  жас  келіншектерге  қарауы,  Жиль  Бластың 

жақсы  әйелдерге  қызығуы  емес.  Менің  қыздарға  қарауым  өмірге  қызығу, 

өмірдің  сұлулығына  ынтығу  болатын.  Бағбанның  өз  қолынан  өсірген  гүлге 

мақтанышпен  құмарта  қарағаны  сияқты,  өзім  солдат  болып  қоса  қорғасқан 

өміріміздің  жанды  гүлі  жақсы  қыздарға  сүйсіне  көз  салып,  осындай 

жандарды  өлімге  бермеу  үшін  күрескеніме  риза  болып,  іштей  мақтануым 

еді. Көп жігіттер осы ғажап гүлдерді көре алмай кетті. Мен сендерге өзімнің 

алапат  соғыстан  аман  қалып,  өздеріңнің  орталарында  отырған  баға  жетпес 

бақытымды  сағат  сайын  сезіну  үшін  қараймын,  қыздар.  Ал  сен  менің 

мұңымды мазақ етесің, Зайкүл. Бірақ мен сенің бір сөзіңді құптар едім. Сол 

сөзіңнің  шындыққа  айналуын  қалар  едім.  Ол  сенің  Меңтайды  мен  тажал 

болып,  «ап!»  деп  асап  қояды,  қылғымай  жұтады  дегенің.  Меңтайды  менің 

сүйетінім  рас.  Бірақ,  мен  оны,  сен  айтқандай,  «асап»  та  қоймас  едім, 

«қылғымай»  да  жұтпас  едім.  Ол  мені  сүйсе,  мендік  болса,  мен  оны  гүл  етіп 



209 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет