Әдеби KZ
– Алматыда ма?
– Иә. Көргілерің келсе мен бір күні ертіп әкеліп таныстырайын өздеріңмен.
Ақылды, жақсы қыз.
– Бәсе, – деді Зайкүл қайтадан сықылықтап. – Енді түсінікті болды. Осылай
шығар деп өзім де ойлап едім-ау. Екеуің ендігі ЗАГС-ке де барған
шығарсыңдар.
– Қоя тұршы сарнамай, Зайкүл, – деді Қанипа көзі ойнақшып зәлімдене
қалып. – Ал, ол мұнда қашан, қалай келген? Біз неге оны осы күнге дейін
білмейміз?
Бұл бар қыздың көкейіндегі сұрақ болуға тиіс.
– Бәсе.
– Иә, - десіп қалды бірсыпыралары Қанипаны қостап. Мен сол жолы Танаға
Алматыда
ЖенПИ деген жаңа институт ашылғалы жатқанын естігенімді хабарлап, соған
барып оқуға түсуге кеңес бергенімді айттым.
– Менің соңымнан іле-шала Тана Алматыға келіп, сол институтқа түсіпті, -
дедім. - Қазір екінші курсында оқиды.
– Кездесу жағы қалай? – деді тағы да Қанипа.
– Анда-санда.
– Одан кейін бірге жатқан жоқсыңдар ма? – деді Зайкүл шыдамсызданып.
Қыздар үндемеді. Зайкүлді қайырып тастамады. Соған қарағанда олардың да
осыны білгілері кеп отырғаны аян болды.
207
Достарыңызбен бөлісу: |