Әдеби KZ
– Оны, кімді алақанға салып, кімді арқалап апаруды ойланатын шығармыз.
Ал Зайкүлді аяғын салақтатып арқалап алғанға не жетсін. Ол маған да жеңіл.
Зайкүлге де рахат: аппақ саны, өзі айтқандай, «түбіне» дейін көрінеді.
Қыздар қыран күлкі болып қалды.
– Әй, әй, менің санымда шаруаң болмасын, – деп Зайкүл Жомартбекке қарап
жұдырығын түйді. – Мен бірдеңеге ұшырап қалсам, бәрібір сен
ауруханағаапармайсың. Одан да жедел жәрдемге жалынғаным артық. 03-ке
телефон соғыңдар, қыздар, ондай бірдеңе бола қалса.
– Оған да мен жүгіремін ғой бәрібір, – деді Жомартбек күлместен,
жымимастан. - Ал сенің санында менің ешқашан шаруам болған емес.
Кербез ағайыңа көрсетіп жүрген өзің ғой оны.
Зайкүл Жомартбекті жеңе алмасын біліп, қолын бір сілтеді де, алғашқы
әңгімеге қайта оралды.
– Тоқта, Абаева, сен несіне қызыл кеңірдек боласың Ерболды қорғап.
Алдымен мұның осы жазғаны шын деп ойлайсың ба?
– Шын. Өмірде ондай болады, - деді Майра.
– Тоқта ендеше, – Зайкүл басына келген әлдебір ойға екі көзі жайнаңдап
қуанып кетті. –
Ендеше Ерболды періште дейік. Сен сонда мына мақалды білесің бе өзің:
«Алтын көрсе періште жолдан таяр» деген. А? Білесің бе?
– Иә, – Майра сасқалақтап қалды. «Апырау, ондай да мақал бар еді-ау. Мына
түлкі қыз оны қайдан суырып ала қойды? Бұған енді не десем дауа?»
дегендей. Зайкүл айтқан мақалдай адамның адалдығына бұлтартпай
сендіретін сөз іздеп, дағдарғандай күй танытты. - Білемін. Ол мақал ғой.
Бірақ мақалдың бәрі бірдей...
203
Достарыңызбен бөлісу: |