Әдеби KZ
– Қалай болады ендеше? – дедім мен Зайкүлге кекете сұрақ қойып.
– Оны өзің де білесің, – деп Зайкүл ыржалақтай күлді. Өзін өзгеше мас еткен
әлдебір тәттінің дәмін есіне түсіргендей боп елтіп қалды.
– Біздің Зайкүл ерте ашылған гүл ғой, – деді Жомартбек оған ешбір мән
бермегенсіп, мүләйім ғана.
– Иә, әр гүлдің өз уақытында ашылғаны жақсы ғой, – деп қостады Майра,
мырс етіп.
– Оның несі жақсы, – деді Зайкүл лап ете тез жауап беріп.
– Уақытында ашыламын деп жүргенде суық соғып кетсе, солар да қалар ол
гүл.
– Жоқ, олай болмас, мезгілінен бұрын ашылған гүл ғана ерте солатын шығар,
– деді
Жомартбек.
– Ерте солсам да, есемді жібермесем болады. Менің білетінім осы, қыздар, –
деді Зайкүл
Жомартбектіңмысқылын елемеген болып.
– Ия, ашыл, Зайкүл, ашыл, – деді Майра, сылқылдай күліп.
– Бірақ біржола ашылып-шашылып қалып жүрме.
Бұл әңгімені Меңтай басқа арнаға ауыстырды.
– Ол қыз қазір қайда, ағай? – деп маған қарады. – Тананы айтамын.
– Осында.
– Осында-а-а? – деп екі-үш қыз қосыла дауыстап қалды.
206
Достарыңызбен бөлісу: |