Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет202/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Жоқ, – дедім мен күліп.  - Ол  менің досымның қызы  – досым ғой. Тек  дос 

тұрғысында ғана кездесіп, ажырасамыз. 

Зайкүл одан сайын тақымдай түсті. 

–  Достықтан  махаббат  туады  демеуші  ме  еді?  Әлде  достық  махаббатқа 

ұласады деуші ме еді? Абаева, айтшы, осылай ма еді! – деді Зайкүл Майраға 

қарап. Майра басын изеді. 

– Ендеше, – деді Зайкүл тағы да қылмыңдап – дос болғаннан кейін ептеп... 

Қыздар  ақырын  ғана  сылқ-сылқ  күлісіп  алды.  Жомартбек  басын  шайқады. 

Меңтай, Майра, мен үшеуміз ғана күлгеніміз жоқ. 

– Ондай ұласқан ештеңе жоқ әзір, – дедім мен салмақты түрде. 

–  Ол  енді,  екі  жақтың  да  көңіліне  байланысты  шығар,  –  деді  Меңтай  жай 

ғана. 

Зайкүл ентелей түсті. 



– Немене, Ерболдың қызда көңілі жоқ дейсің бе? Болғанда қандай! Осында 

төмен  қараған  болып,  бәріміздің  ашық-шашық  жерімізді  аңдып,  сілекейіне 

шашалып,  өзінен-өзі  әлек  болып  отырады  ғой  бұл.  Әсіресе,  сен  қолыңа 

түссең, шайнамай қылғыр еді, бәлем. 

Қыздар да, Жомартбек те тегіс ду күлісіп қалды. Меңтайдың ақ жүзіне қызыл 

қан ойнап шыға келді. Бірақ онысын білдірмеу үшін Меңтай қыздармен қоса 

күліп, Зайкүлдің сөзін әзілге айналдырып жіберуге тырысты. 

–  Сен,  немене,  Зайкүл,  –  деді  Меңтай  күліп  жатып.  -  Ағай  сонша  кісі  жейтін 

тажал ғой деп пе едің? 

– Қызды жейтін жалмауыз – жігіт екенін сен білмеуші ме едің, – деді Зайкүл 

жұлып алғандай. – Сен оны «ағай, ағай!» дейсің. Бір күні ағайың сені, әлгі бір 



208 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет