Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет195/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Бір  ұрыста  жау  қолына  түсіп  қалдым,  -  деп  бастапты  батыр.  –  Қалмақтың 

мені  олжа  еткен  батыры  еліңнің  ерлерін  ата,  олардың  осал  жерлерін  айт, 

қазақтың  ұлы  өзенінің  өткелін  көрсет  деп  қинады  мені.  Мен  айтпадым  да, 

көрсетпедім де. Содан кейін ол мені кеңірдегімнен қылқитып жаңа сойылған 

өгіздің жас терісіне қаптатып, босағасына байлатып қойды. Жас тері жаздың 

ыстығында  бір-ақ  күнде  кеуіп,  сірі  боп  шыға  келді.  Күн  көтеріле  сіріге 

шелектетіп  су  құйдырады.  Ол  кезде  сірі  сәл  кеңиді  де,  құрыс-тырысым 

жазылып, рақаттанып қаламын. Күн қыза сірінің суы кеуіп, ол енді қайтадан 

құрысады. 

Өгіз  терісінен  жасалған  темірдей  сірі  жан-жағымнан  құрсау  боп  қысқанда 

сүйектерім  сытырлап  өліп  кете  жаздаймын.  «Жауға  жаныңды  берсең  де, 

сырыңды берме» деген емес пе? Өлсем өлермін, бірақ сырымды бермеспін 

деп  тістеніп,  күн  сайын  бір  уыс  боп  бүрісемін  де  қаламын.  Өстіп  бір  ай 

жаттым.  Бір  айдың  ішінде  арыстай  басым  аруақтай  болды  да  қалды.  Бір 

айдан  кейін  қазақтың  бас  батыры  келіп,  мені  қинаған  жауды  өз  қолымен 

өлтіріп,  мені  қысқан  сіріні  өз  қолымен  тіліп,  босатып  алды.  Бір  ай  сіріде 

жатқанымда қыңқ етіп үн шығармағанымды бір ерлік деп білемін. 

Түнде,  мен  далада  ұйықтап  жатқан  жерімде  сұп-суық  бірдеңе  бақайымнан 

көтеріліп,  кеудеме  шығып,  жоғары  қарай  өрмелеп  келе  жатқанын  сезіп 

оянып  кеттім.  Қозғалмай жатып  байқасам,  бақайымнан  бері  қарай  өрмелеп 

келе жатқан ұп-ұзын жылан екен. Ұшып тұрсам оның шағып алатынын білдім 

де,  сенің  іздеп  келе  жатқаның  осы  ғой  деп,  аузымды  аша  бердім.  Жылан 

апандай  боп  жатқан  ауызға  басын  сұға  бергенде,  мойнынан  қыршып  кеп 

алдым  да,  жыланның  басын  жерде  шеңбердей  боп  шоршып  жатқан 

денесінің қасына түкіріп тастадым. Екінші ерлігім осы деп есептеймін. 

Жиырмаға жаңа ілінген қылшылдаған шыдамсыз жас шағымда өн бойымды 

қышыма қотыр басып, орнымнан қозғала алмай жатып қалдым. Сондабойым 




201 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет