Әдеби KZ
Қан майданның ішінде көкем жүр-ау-а-а-ау.
Мылтық кезеп көкеме неміс тұр-ау, а-а-ау-ай.
Көкем-ау!
Қашан келер екенсің?!
Мен тағдырдан сұраймын күндіз-түні-ау, а-а-ау,
Көкеме атқан жау оғын маған бұр-ау, а-а-ау-ай.
Жан көкем!
Дидарыңды бір көрсем!..
Бұдан кейінгі кезек маған келді. Үш қыз қосыла айтқан жаңағы зарлы ән
жүйке-жүйкемді босатқан мен не айтарымды білмей састым. Әзірлеп
әкелдім дегенімнің бәрі жан толқытқан жаңағы әннен кейін мүлде қажетсіз,
керексіз сияқтанды. Бірақ қыздар қыстап болмады. «Шықсын ортаға, айтсын
бірдеңе» деп жанымды шығарды. Амалсыз ортаға шықтым.
– Мен Абай өлеңдерінде кездесетін ескі сөздердің тізбесін жасап, оларға
өзімше түсінік берген едім. Бүгінгі конкурс сияқты қорытынды кешке соны
ұсынуыма болады. Бірақ, мұның өзі бір дәптер, - дедім қыздарға дәптерімді
көрсетіп. - Бәрін табан астында оқып шығу мүмкін емес. Сондықтан мен қазір
соңғы оқыған бір кітабымнан сұлу әйел, махаббат жайында жазып алған екі-
үш нақыл сөзім бар, соны оқып берейін.
Мен Майраға қарадым. Майра қыздарға қарады.
– Махаббат жайындағысын оқысын.
– Соңғысын айтсын, - деп шуласты қыздар.
Абаева кітабын жоғары көтерді. Жұрт тегіс тым-тырыс боп тыныштала қалды.
218
Достарыңызбен бөлісу: |