Әдеби KZ
– Иә, онда былай болсын, қыздар, – деді Майра. - Ербол ағайдың Абай
өлеңдеріне түсінік жасауы біздің ешқайсымыздың ойымызға келмеген үлкен
жұмыс. Оны білудің бәріміз үшін пайдасы бар. Ол әсіресе ертең біз мұғалім
болып, мектепке барғанда керек.
Сондықтан біз оны ағайдан сұрап, көшіріп алармыз. Меніңше, ағайға
таңдаған қызын сүю сыйлығын осы еңбегі үшін беруімізге болады. Ал бұл кісі
жаңағы соңғы айтқанын оқып шықсын да, сыйлығын алсын.
Мен бір жапырақ бөлек қағазға тізіп алған махаббат жайындағы сөздерімді
оқи бастадым.
«Махаббат бар жерде көз жасы қоса жүреді.
Адамның өмірі қысқа болғанымен, махаббаты ұзақ өмір сүреді.
Құштарлық, – махаббат хабаршысы.
Құштарлықты көз айтып, тілекті тіл түсіндіреді.
Жүрегін махаббат мекендесе, ең сараң деген адамның өзі ересен мырза боп
кетеді.
Әдемі әйелдің әлегі көп.
Сұлу әйел сорға бітеді.
Көрікті әйелдің күйеуінің көңілінен күдік арылмайды.
Сұлуға сұқтанушы көп.
Сорлының әйелі сұлу болады».
Жазып алған қағазымның екінші бетін оқымай ортасынан бүктей салып,
қыздарға рахмет деген ишара жасадым.
Зайкүл аузынан емшек тартып алған жас баладай боп, баж ете қалды.
219
Достарыңызбен бөлісу: |