Әдеби KZ
15. Қыздың жақсы жігітке шығуы, жігіттің жақсы жар таңдап алуы жеңіспен
пара-пар.
Алдымен жеңіске жету қымбат, ал жеткен жеңісті баянды ету, одан да
қымбат.
16. Көшеде көлденең тура қалып, бірінің ернін бірі жұлып жердей боп
жалмап, жұрт көзінше сүйісіп жатқан қыз бен жігітте ар да, ұят та болмайды.
Ондай әдеттен без, ондай құрбыдан аулақ бол.
17. Кей адам кілт етпе келеді. Бірақ ол мінез жас балаға, сұлу әйелге және
ұлы адамға ғана жарасады. Бұл үшеуінен басқаға біткен қыңырлық
қырсықпен тең.
18. Махаббат – барша байлықтан күшті. Бірақ күштіге де көмек керек. Сол
сияқты махаббат та өзін байлық пен барлықтың қоса қолдауын ұнатады.
19. Екі адамның бір-біріне шын ықыласпен қалтқысыз қызмет етуі не
араларындағы адал махаббаттың, не асыл достықтың арқасы.
20. Еркекке жүрек керек, әйелге тірек керек.
21. Тірі адамның бар бақыты, бар қызығы жер бетінде. Оған ұмтылудың
немесе о дүниеден үміт етудің қажеті жоқ. Сол себепті бар терді төгіп, барша
ой мен ақылды жұмсап жер бетін, тұрған үйіңді жұмақ ете біл.
22. Ел сыйларлық бағаң болмаса, елге аға болдым деме.
23. Жақсы адам – магнит. Магниттің бірнеше темір шегені өзіне тартып ала
алатыны сияқты, жақсы адамның да жанына жұрт көп үйіріледі. Өзің жақсы
болсаң – айналаңда досың көп; жаман болсаң – жалғыз жүресің; орташа
болсаң – сен де бір жақсының жанын жағалайсың. Досты сырттан іздеме,
жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде.
225
Достарыңызбен бөлісу: |