Әдеби KZ
Көз көрмегенге күдік келтірме. Күдік – өтіріктің, жаланың бір түрі.
Ауыздан шыққан сөзді аңдыма. Аңдысаң да жаманға жорыма.
Сырлар. 1. Кеше университеттен Е., Ж. және мен үшеуміз бірге қайттық.
Күлкілі, қызық жайларды көп айтысып, жатақханаға дейін жаяу келдік. Бір
кезде ұлдардың қыздардан сыр жасырмайтындығы, ал қыздардың ұлдарға
сырын айтпайтындығы сөз болды. Е. менен осының себебі не деп сұрады.
– Қыздың жағдайы қиын ғой, ағай, - дедім мен. - Олар жігіттерге сырын лақ
еткізіп ешқашан ақтара алмайды.
– Неге?
– Оның неге екенін айту қиын. Бәлкім, қыз табиғаты, жаратылысы солай
шығар. Әйтеуір қыз сырын ішіне бүгеді. Ол сүйіп тұрған адамына мен сені
сүйемін деп айта алмайды.
Айта алмағандықтан оның сүйген жігітінен айырылып қалуы да ықтимал.
– Айтуы керек қой.
– Ия, айтуы керек. Бәлкім, қыздың қадірі сол айта алмауында шығар, кім
біледі.
– Мен қыз болсам айтар едім, - деді Ж.
– Қыз жанының нәзіктігі, жасқаншақ, үркек, сыршылдығы айтқызбаса, қалай
айтасың? – дедім мен күліп.
2. Бүгін біздің бөлмеге жүгіріп 3. келді.
– Мен бір жігітпен танысып едім, сынап берші, – деді екі иығынан демалып.
– Қой, 3., «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» деп заулатып қоя беретін
жігіт жылқы емес, қалай сынайды оны? - дедім әзілдеп.
234
Достарыңызбен бөлісу: |