Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет189/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

отырып, Төкештің кешегі «сыбағаңды» алып кет, сонда тыпыр ете алмайды» 

дегенін  айттым.  –  Төкеш  айтқандай  «шырыныңды  шашып»  кетіп,  қайта 

оралмай  қалсам,  сенің  Заман  өлімі  тілгілеп  кеткен  жүрегіңнің  жарасы 

жазылмай  жатып,  мен  оған  екінші  қанжар  боп  және  қадалмаймын  ба?  «Ат 

аунаған  жерде  түк  қалып»  жүрсе,  оны  қайтесің.  Ол  жас  жаныңа  азап,  жас 

басыңа және қасірет емес пе? Бүкіл Отанның бар халқын азап пен қасіреттен 

азат етісемін деп шыбын жанды шүберекке түйіп жүрген солдат мен ендігі ең 

жақын  жандарымның  бірі  сенің  басыңды  өзім  азапқа  душар  етсем,  онда 

менің  нем  солдат,  өзгеге  менің  нем  қорған!  Одан  да  бұрын,  «майданда 

хабарсыз кетті» дейтін адамдардың жаралы боп жау қолына түсіп, өлмей тірі 

қалатындары  да  кездеседі.  Жасырын  тапсырмамен  жау  тылына 

жіберілетіндері де болады... 

Тана  менің  сөзімді  төсекте,  аппақ  сирақтарын  еденге  салбыратып  отырып 

тыңдаған еді. 

– Аһ, ондай атты күн болса, мен бақыттымын ғой, Ербол, – деп қыз жастықты 

құшақтап  құлай  кетті.  Әкем  мен  шешем  жатқан  ескі  темір  кереует  Тананың 

көкірегіндегі күйікті ауырсынып, белі қайысқандай, бір сықыр етті де тынды. 

Мен ойымды жинақтап, сөзімді аяқтауға кірістім. 

– Бүгін мен үш күн өзімді берік ұстай алмасам, ертең Заман тірі боп шықса, ел 

алдында сен екеуміз қарабет болмаймыз ба, Тана? Онда менің Бүркітбайдан, 

сенің Сәлимадан нең артық? Соғыстан кейін Заманмен жүз көрісер таң болса, 

екеумізді  ең  алдымен  Бүркітбай  табаламай  ма?  Сыртына  шығармағанымен 

іштей  болса  да  Сәлима  ойламай  ма?  Мен  сондықтан  шыдап  жатырмын, 

шыдайын деп жатырмын, Танажан. 

–  Өлді  деген  адам  тіріледі  деген  ойымда  жоқ  еді,  –  деді  Тана  дауысы 

дірілдеп.  –  Онда  менің  үмітім  үзілмеген  екен  ғой  әлі.  Заманым,  жаным, 



195 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет