Әдеби KZ
Мен тістеніп, басымды шайқадым. Бүркітбайдың көзі менің оң
жамбасымдағы пистолетіме түсіп кетті де, дір еткендей болып:
– Өй, Ербол, өзіңнің мылтығың бар екен ғой, - деді.
Өн бойымды ыза буып тұрған мен де қырыстана қалдым.
– Бар. Жау майданда ғана емес, елде де бар. Кездескен жауыңды жайратып
кет деп әдейі берді, – деп қалың, қатты сары былғарыдан жасалған кобураны
сыртынан сықырлата сипап қойдым. Мен қолымды мылтыққа қарай
апарғанда Бүркітбай әлденеден сескеніп, қозғалақтап қалды. Бірақ мен
мылтық суырмаған соң тез тыныштанды да:
– Қой, Ербол, елде жау қайдан болсын, – деді айтарын айтса да қайтадан
қыбыжықтап.
Содан соң, суға салған көндей жайылып, бірден жібіп, жұмсарып қалды. -
Керегің болса айт, Ербол. Немесе қасындағы Тұрсыннан үйге барған соң
айтып жібер. Майдандағы жауынгерден не аяймыз?
– Рахмет. Ештеңе де керегі жоқ, бәрі де майданда бар. Сізден председатель
еді деп бірдеңе сұрағалы келгемін жоқ, бұрынғы бригадирім еді деп сәлем
бере ғана келдім, - дедім «бұрынғы» деген сөзді нығарлай айтып. Сол
арқылы бүгінгіңнің маған бір тиынға қажеті жоқ дегенді де тұспалдап
сездірдім.
– Мейлің, мейлің, – деді Бүркітбай қайтадан тәкаппарлана бастап. –
Колхоздың далада шашылып жатқан малы жоқ.
– «Жаны да жоқ» деңіз, – дедім мен мырс етіп. Мұным оған өзімше атқан
екінші оғым еді.
Бұл Сәлиманы тұспалдағаным болатын. – Колхоздың мал-жанын кәрі
қасқырлардан сақтай білген жөн. Қу шал менің бұл сөзімнің де астарын
192
Достарыңызбен бөлісу: |