Әдеби KZ
түсінді. Бірақ ұқпаған, ұқса да тура мағынасында қабылдаған боп, үндемей
қалды.
– Ал, сау болыңыз, - дедім мен тез кеткім келіп.
– Жолың болсын, – деп міңгірледі Бүркітбай.
Біз кете бардық. Бүркітбай сол орнында тұрып қалды. Ол мені үйіне
шақырған жоқ.
Сондықтан мен баруға тиісті емеспін. Сәлиманы несіне көремін. Адуын
шалдың әйелі болған соң ол енді мені неғылсын деп түйдім.
Сонымен кешке үйге қайттым. Қайтып келе жатып та, күні бойы үй арасында
жүріп те Тананы есімнен шығармадым. «Апырау, түндегім теріс не? Жоқ,
дұрыс. Тананың маған деген айқын ықыласы бар емес пе еді? Болса, болар.
Бірақ, Заман өлді деп хабар алған соң, Сәлима менен кетіп қалған соң туған
ықылас шығар ол. Сол ықыластан артықтың керегі не маған, қойнымда
жатқан қызды құшып, құмардан шықпаймын ба бір? Жоқ, олай етуім дұрыс
емес. Мен қыздың да, өзімнің де ертеңімді ойлауым керек. Ертең мен
соғыстан аман келсем жақсы. Тағы да менің жаман атымды естіп, қыз
байғұстың жүрегіне екінші рет қанжар сұғылмаса құба-құп. Бір күнгі нәпсіден
өмірлік өкініш тумасына кім кепіл?»
Осылай деп күні бойы өзіммен өзім іштей сөйлесіп, жауаптасып, ақыл
қорытумен болдым.
Кешке қыз төсекте, мен жерде, екеуміз екі бөлек жаттық. Мен қызды қасыма
шақырмадым. Ол да үндемеді. Екеуміз екі жерде бірімізге біріміз білдірмей
дөңбекшіп, таңды атырдық.
Бұл күні Төкештің үйіне қонаққа барып қайттық. Төкештің қаладағы апа-
жездесі таңдап әперген сұлу келіншегі Мәстураны көрдік. Алтын сырға, ақ
193
Достарыңызбен бөлісу: |