Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет190/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

барсың  ба,  тірісің  бе?  Кеш  менің  бір  жолғы  осалдығымды,  –  деп  қыз  «аһ!» 

ұра дыбыстап барып, үнсіз қалды. Жастықты тістелеп, тұншығып, солқылдап 

жылай берді. 

Сөйтіп, ол қызбен мен осылай үш күн бірге жаттым. Сол үш күнде үш рет қыл 

көпірден өткендей болдым. Тізем дірілдеп, буыным қалтыраған сәттер болса 

да,  құламай  аман  өттім.  Төртінші  күні  таңертең  Тананы  жарты  жолға  дейін 

жаяу шығарып салдым. 

Айырылысар  жерде  екеуміз  құшақтасып  тұрып,  бір-бірімізді  аймалағандай 

құшырлана  сүйістік  те,  тез  ажырасып  кеттік.  Ол  велосипедін  жетектеп 

Ақжалға  қарай,  мен  жаяу  ауылға  қарай  қайттым.  Қайта-қайта  қол  сермесіп, 

біріміздің сыртымыздан біріміз ұзақ қарасып тұрып, арамыз алыстай берді. 

Түстен  кейін,  кешкі  поезға  отырып,  Алматыға,  одан  әрі  қайтадан  майданға 

кетпек боп, ауылдан мен аттандым. Төкеш пен Тұрсын екеуі пар ат жегіп мені 

«Ақботадан»  жиырма  бес  километр  жердегі  Біртөбе  станциясына  алып 

жүрді. Бірақ, ауылдан бір аттанып кетіп, бес-алты километрден кейін ауылға 

қайта  оралуға  тура  келді.  Бағана,  үйден  шығарда  Қарашекені  қораға  қамап, 

есікті  бекітіп  кетіп  едік.  Соның  қалай  босап,  бізді  қалай  тауып  келгенін 

білмеймін.  Бір  кезде  ол  бар  дәрменімен  жүгіріп,  тілі  салақтап  біздің 

соңымыздан  қуып  жетті.  Арбаны  тоқтатып,  үшеуміз  бірдей:  «Кет!»  деп,  итті 

үйге  қарай  қудық.  Тұрсын  жерден  алып  тас  та  лақтырды.  Ит  кетпей  қойды. 

«Не  атып  өлтіріп  кет,  не  қасыңнан  қалдырмай  алып  кет»  дегендей  боп, 

анадай жерге барып, маған телміре қарап, жатып алды. 

– Станцияға барса, не қаңғып кетеді, не поезд басып өлтіріп кетеді ғой мұны, 

– деді 

Төкеш. Амалсыздан аттың басын ауылға қарай қайта бұрдық. Үйдің жанына 

барған  соң  Қарашеке  ешкімге  ұстатпай  қойды.  Тәтем  шақырса  да,  балалар 



196 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет