Әдеби KZ
– Қолың талған шығар, ала ғой, – деді ол басын сәл көтеріп. Дауысында жат
адамның ресми ибалығы емес, жас жардың жас күйеуіне жасаған ыстық
лепті, мол ықыласты үні бар тәрізденді. Содан соң өзі шалқасынан
аударылып жатып, оң иығымен оған қарап қырынан жатқан менің кеудеме
қарай сұғына түсті. Осы кезде менің көңілімді әлдебір тәтті тілек кернеп,
тамырларым да қан лықси тасып, Тана екеуміз жатқан кішкентай бөлменің
алақандай төрі шыр көбелек айналып, дөңгелей жөнелген сияқтанды.
Жұмсақ бұғақты жұмыр мойнын маған қарай бұра түсіп жатқан Тананың
ыстық демі бетіме соққанда күні бойы оттай лепті аңызақ желдің өтінде
жүргендей таңдай кеуіп, тән қаталап, өзгеше бір шөлге душар болдым.
Осыдан кейін жамбасымда жатқан оң қолымды қайта көтеруге
оңтайландым. Сол сәтте ұйтқыған жел мұржаға тыққан түтіндей шалқып,
демім ішіме тығылып, тынысым тоқтап қалған тәрізденді. Бұл жай бір
минутқа созылды ма, бір сағатқа барды ма, оны білмеймін. Әйтеуір өз
қолымды өзім әрең дегенде көтеріп, қыздың кеудесіне салғанымды білемін.
Осы бір өмірі көрмеген, қолым ешқашанда тимеген жұмсақ, жылы, рахаттай
тәтті кеудеге алақаным желімделіп қалғандай жабысып, қозғалмастан жатып
алды. Екі шекемді қан теуіп, өн бойымда өзендей тасыған әлдебір отты
толқындар лықсып, кемерінен аса кернеп бара жатқан іспеттенді. Мен
қыздың қарсылығын күткендей едім. Бірақ қыз қарсылықтың нышанын да
білдірмеді. Мен енді не істер екен дегендей, кеудесі бір жоғары көтеріліп,
бір төмен түсіп, үнсіз, дыбыссыз қатты да қалды. Содан соң барып мен
ақырын қолымды қозғадым. Осы кезде қыздың ішкөйлегінің астынан сәл
ғана діріл білінгендей болды. Ондай діріл менің өз қолымда да бар еді. Сол
сәл дірілмен келіп менің қолым қыздың оң жақ алмасының үстінен шықты.
Алма ашық емес, сыртын қол тайғанататын сырма жібекпен тырсылдата
қаптап қойғандай боп көрінді. Екінші алмасы ашық болар деп ойлап, ақ
мамасын іздеген ашқарақ баладай шыдамсыздықпен қолымды солға қарай
181
Достарыңызбен бөлісу: |