Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет27/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

IV 

Ортадан  сәл  ғана  төмендеу  бойы  бар,  самай  тұсы  ширатыла  бұйраланып 

тұратын  қою  қара  шашын  ұзын  қос  бұрым  етіп  өріп,  оны  ақ  маңдайынан 

жоғарылата  басына  бірнеше  рет  орап,  екі  ұшын  тас  қылып  төбесіне  түйіп 

тастаған,  ақ  беті  таза  қолмен  аршыған  жұмыртқадай  кіршіксіз,  жасы  он 

сегізге  келген  талдырмаш  қыз  мені  қоршап  тұрған  өзге  қыздардың  арасын 

қақ  жарып  өтіп  қасыма  жақындай  берді.  Қыздың  ғажап  сипатын  көргенде 

мен ұялуды ұмытып, оған бақырайып қадалдым да қалдым. Орасан үлкен де 

емес, онша кіші де емес дөңгелек қара көздер «Тергеуші» қыздың көзіндей 

ойнақыланбай,  көлгірсіп  күлімдемей,  өзгеше  бір  пәк  таза  тұнықтықпен 

жаудырай қарайды. Жылы шуақты осы қос көздің арасынан төмен қарай ақ 

қағазға  ақ  бояумен  тартқан  тік  сызықтай  болып,  қыр  мұрын  көрінеді.  Осы 

әсем мұрын астындағы таңертеңгі гүлдей бүрісіңкі оймақтай ауыздың «мені 

кім сүйеді?» дегендей ынтыға үлбірей қалған боялмаған қызыл еріндері қыз 

жүрісінің  ырғағымен  әлде  өзі  дір  еткендей  ме,  әлде  тыныш  тұрған  мені  дір 

еткізгендей  ме  бір  белгісіз  жайды  аңғартты.  Лезде  сол  дірілдің  суға 

лақтырған  тастай  болып,  алысқа,  жүрегімнің  түбіне  қарай  шым  батып  бара 

жатқаны  өзіме  ап-айқын  боп  біліне  бастады.  Жаныма  тақап  қалған  қыздың 

аппақ  бұғағы  мен  жұп-жұмыр  мойнын  көзім  шалғанда  тамағымның  ішінен 

бір  жұмсақ  нәрсе  қытықтай  жөнелгендей  және  бір  сезім  пайда  болды. 

Әсіресе оның он бетіндегі мойылдай мөлдіреген мең менің көзімді де, өзімді 

де магниттей тартып, әкетіп бара жатты. 

Ақ  қыз  алдыма  келіп  тоқтап,  қылымсымай,  қымсынбай,  бейне  бір  өзінін 

туған ағасымен сөйлесіп тұрғандай үн қатты. 

- Ағай, бұл Қанипа деген қалжыңбас қыз, - деді ол мені сұрақтарымен сонша 

қинаған  қызыл  шырайлы,  қасқа  тіс  қызды  иығынан  бір  сипап  қойып.  - 




32 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет