– Мұнда, курста староста болады, білесіз бе? - деді. Ішімнен: «мені тым
құрметі маған тиіп отыр. – Осылай деп ол журналды ашты. - Фамилияңыз
30
Әдеби KZ
Мұны да оның қай мағынада айтқанын аңғармадым. Кеудеңде орден,
медалдарың жоқ дегені болар деп түйдім. Ал менің орден, медалдарым
жеткілікті болатын. Тек оларды студенттер арасында мақтанған сияқты боп
көрінбейін деп, таңертең университетке келерде кеудемнен бір бірлеп
ағытып, түскен үйімде қалған зат қапшығымның ішіне салып кеткенмін. Бірақ
қызға дәнеңе демедім.
Қыз журнал бетіне қайта үңіліп, тағы да сұрақ қоя бастады. Осы кезде сыртқа
шығып кеткен бірен-саран қыздар да аудиторияға қайта кіріп жатты.
– Қай жылы туғансыз?'
– 1922 жылы, - дедім күбірлеп.
– Қаттырақ айтыңыз, – деді қыз менің жауабымды ести тұрса да. – Семья
жағдайыңыз қандай – әйеліңіз бар ма?
- Жоқ.
– Сүйген қызыңыз бар ма?
Мен басымды шайқадым.
– Қыздар, естіп отырсыңдар ма? – деді ол жан-жағына қарап.
Ешкім үндемеді.
– Түу, қойсаңшы, Қанипа, – деді осы кезде отырған қыздардың біреуі
орнынан тұрып, бізге қарай аяндап. – Ағайды соншама әурелегенін не
тергеушідей жауап алып.