Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет34/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Партаны салдыр-күлдір еткізіп, мен орнымнан атып тұрдым. Керзі етіктің екі 

басы,  бірімен  бірі  сүзіскен  бұзаудай  болып,  сарт  ете  қалды.  Оң  қолымды 

шошаң  еткізіп  жоғары  көтере  бердім  де,  жалаңбас  тұрғаным  есіме  түсіп, 

жалма-жан жамбасыма жапсыра қойдым. Бағанадан бері оқытушының аты-

жөнін де сұрамаппын. Не де болса деп, бұрынғыша тарта бердім. 

–  Жолдас  оқытушы,  алдыңызда  тұрған  аға  сержант  Есенов  Ербол. 

Демобилизациямен әскерден қайтып, университетке оқуға келдім. 

Қыздардың  бәрі  қыран  күлкі  болды.  Оқытушы  да  күліп  жатыр.  Тек  Меңтай 

ғана  дыбыс  шығармай,  езу  тартты.  Онысын  да  тез  тыя  қойып,  маған  қарай 

жақындаңқырап: 

– Ағай, сержант емес, студент деп айтыңыз, – деді. Жұрт осыған күлген екен 

ғой  дедім  де,  шапшаң  қатемді  түзетпек  болып  қыздардың  күлкісі  тоқтала 

бергенде: 

– То есть студент Есенов Ерболмын, – дедім ыржиып. 

Қыздар бұрынғыдан бетер сақылдап күлді. Күлсе күле берсін. 

Қыздардың  күлкісі  маған  майдай  жағады.  Өйткені  ол  немістердің  алты 

стволды  минометінің  абалап  келіп  айналаға  ажал  шаша,  алды-артымда 

жарылып жатқан миналары емес. Мен қазір тірі дүниенің тозағынан шығып, 

пейішке  келіп  тұрғандаймын.  Сондықтан  осынау  қор  қыздарына  қосылып, 

өзім де еріксіз күлемін. 

Бір  кезде  күлкі  басылды.  Оқытушы  оң  жағына  бұрылыңқырап,  қалтасынан 

орамалын алып, көзін сүртті. Тегі мені орнына отырды деп ойлады ма, әлде 

маған  қарасам  күліп  қоярмын  деді  ме,  білмеймін,  оқытушы  сол  қырын 

қараған күйі сабағын бастады. 



39 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет