Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет36/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

«Ербол,  аманбысың?  Оқуға  түскеніңе  қуанып  жатырмын.  Сенің  түсетініңді 

білгенмін. 

Мен  де  аманмын.  Өзім  келген  күннің  ертеңінде-ақ  бір  асауға  бұғалықты 

тастап  кеп  жібергенмін.  Бірақ  әлі  құлағына  қолым  тиген  жоқ.  Ноқтаны 

ыңғайлап ұстап, жалын сипалап, жақындап келемін. 

Әлдеқашан-ақ  тұқыртып  алатын  едім,  өзімнен  болды.  Өйткені,  келген  күні 

мен оның шешесін өлтіріп ала жаздаппын. 

Әңгіме былай. 

Ауылдың  үлкен-кішісі,  біздің  үйге,  маған  сәлемдесуге  келіп  жатты.  Мен  де 

оларға әскери тәртіппен ізгі көрсеттім. Келгендер не қолымды алмақ болып, 

не бетімнен сүюге ыңғайланып, төрде отырған маған қарай ұмтылады. Мен 

орнымнан атып тұрамын да, оң қолымды сарт еткізіп шекеме көтеріп: 

– Здравия желаю, старший сержант Майшанов – деп, қатты айқайлап, қаққан 

қазықтай боп, бажырая қаламын. 

Міне  осыған  соғыс  көрмеген  сужүрек  екі-үш  жаман  кемпір  шалқаларынан 

түсе жаздап, талып қалған болатын. Жұрт олардың бетіне су бүркіп жатқанда 

мен:  «Әкетіңдер,  әкетіңдер,  санротаға  апарыңдар»  деймін  ғой  баяғы. 

Өйткені маған сәлемдесуге басқа да жұрт келеді. Кемпірлерді төрге серейтіп 

салып қойып отырайын ба сол. 

Құдай  ұрғанда  жаңағы  талып  қалған  кемпірлердің  бірі  мен  жақсы  көрген 

қыздың  шешесі  болып  шықпасы  бар  ма?  «Алыстан,  ажалдың  аузынан 

қайтқан  бала  ғой  деп,  емірене  еңкейіп,  құшағымды  жая  бергенімде  төрде 

тып-тыныш  отырған  алпамсадай  жігіт  алақ-  жұлақ  етіп  атып  тұрды. 

Кеудесіндегі  теңгеліктері  диуананың  асасындай  сылдыр-сылдыр  қағып, 

әкесінің  атына  әлдебір  түсініксіз  сөздерді  қосып,  арс-арс  ете  қалғанда 




41 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет