Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет38/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

ма, әлде жақтағаны ма - аңғарғаным жоқ. Бар байқағаным қыз сыпылдатып, 

өз дәптеріне тағы да жарты беттей жазып тастаған екен. 

– Ағай, үш жарым беттей орын қалдырып, мына жерден бастап маған ілесіп 

жаза  беріңіз,  –  деп  Меңтай  сол  қолының  шынашағымен  өзі  дәптерге  енді 

түсіре  бастаған  сөйлемді  нұсқады.  Қыздың  шынашағы  аппақ,  жұп-жұмыр 

екен. Одан озыңқы өзге саусақтар әсемдігі, әдемілігімен және жан күйдіреді. 

«Әттең,  мына  саусақтарды  шөпілдетіп  сүйер  ме  еді,  тым  болмаса  ақырын 

ғана  сыртынан  сипар  ма  еді?!»  деп  мен,  кәмпит  көрген  баладай  жұтынып, 

телмірдім  де  қалдым.  Менің  сұқтанып  отырғанымды  сезді-ау  деймін,  қыз 

дәптерінің  шетін  басып  тұрған  әсем  саусақтарын  ақырын  ғана  жұмып, 

жұдырығын  түйіп  алды.  Жас  баланың  жұдырығындай  сүйкімді  сол  бір 

жұдырықты  жұтып  қояр  ма  еді  деп,  мен  оған  да  қызыға  қарадым.  Оң 

қолымен сыпылдата конспект жазып жатқан қыз жаңағы жұмған жұдырығын 

дәптер шетінде сәл ұстап отырды да, маған сездірмеуге тырысып, сол қолын 

жайлап  тартып  алып,  төмен  түсірді.  Алақанымен  сипалап,  партаның 

қуысынан  бірдеңе  іздеген  сияқтанды.  Онысы  менің  көзімді  тайдыру  үшін 

жасаған қулығы-ау деймін. 

Өйткені  сия  сорғыш  іздеді  ме  дейін  десем,  онысы  дәптерінің  үстінде,  он 

қолының астында жатыр. 

Бір  минут  қана  осы  арада  да  бір  көлденең  әңгімеге  тоқтай  кетейін.  Лекция 

жазып  отырған  кезде  қол  терлейтінін,  ал  қағаздың  тер  тиген  жеріне  сия 

жайылып кететінін, өйтпес үшін оң қолдың астынан сия сорғыш не бір басқа 

қағаз  төсеп  отыру  керектігін  мен  кейін  Меңтайдан  үйрендім.  Меңтай 

үйреткен осы әдіс маған өмірлік айнымас әдет болып кетті. 

Күні  бүгінге  дейін  үйде,  иә  кеңседе  отырып  газетке  мақала  немесе  очерк 

жазғанымда бір бет ақ қағазды алып, ортасынан бүктеймін де, оң қолымның 



43 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет