Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет37/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

иманым  ұшып,  жүрегім  жарылып  кете  жаздады.  Мен  ондай  диуанаға 

қызымды  бермеймін»  деп  айтады  дейді  сол  кемпір.  Диуана  деп  отырғаны 

мен. Тапқан екен диуананы! 

Біздің  жағдай  осы.  Бірақ,  кемпірдің  қарсылығына  қарамастан  атаканы 

күшейтіп жатырмын. 

Сен  өзің  де  сыпайысың  ғой.  Дегенмен  осындайдан  сақ  бол.  Әскердің  заңы 

ауылға жарамайтынын байқап қалдым. Жақсы көрген біреуің болса – маған 

ұқсап, үркітіп алып жүрме. Ал мен болдым. 

Қанды көйлек досың Тәкен». 

Хатты  оқып,  алдымен  ішек-сілем  қатып,  күліп  алдым.  Артынан  өзімнің 

алғашқы  лекцияда:  «Аға  сержант  Есенов»  деп  орнымнан  атып  тұрып,  одан 

соң рұқсатсыз отырмаймын деп қалшиып тұрып алғаным есіме түсіп, кірерге 

тесік таба алмай өз-өзімнен қысылған едім. 

Дегенмен,  әскерден  қайтқан  адамның  бойындағы  бұл  сияқты  сөлекеттіктер 

көлденең  жұртқа  күлкілеу  көрінгенімен,  әскер  тәртібінің  осылай,  сүйекке 

сіңісті  боп,  көпке  дейін  көңілден  кетпегеніне  өз  басым,  бір  себептен, 

өкінбеймін  де.  Өйткені  сүйекке  сіңбеген  тәрбие  –  тәрбие  емес.  Тәртіпті, 

ынтымақты  әскер  ғана  жауынан  жеңілмейді.  Меніңше,  осы  күнгі  жастар 

тәрбиесі үлкен үш бөлімнен құралады. Ол: семья, мектеп және әскери өмір. 

Осы  үш  тәрбиені  өз  бойына  дұрыс  сіңіре  алған  жас  адам  –  жақсы  азамат. 

Ондай ұрпағы бар Отан – Ұлы Отан, оны ешқашан да жау алмайды. 

Жә,  мұның  өзі  бүйректеу  әңгіме  боп  кетті-ау  деймін.  Енді  оны  қойып,  әлгі 

аудиторияға қайта оралайын. 

Иә,  мен  орныма  отырғаннан  кейін  қыз  ақырын  ғана  жымиып,  білінер-

білінбес етіп, басын шайқады дедім ғой. Онысы Меңтайдың мені жазғырғаны 




42 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет