Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет33/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

екендігі,  алдымен  оқытушының  үніне  құлақты  үйрету  қажеттігі  туралы 

пікірлері  –  бәрі-бәрі  менің  ойым.  Сонда  осы қыз  алдынғы  лекцияда  ештеңе 

жазбай, әлдебір әдіспен, тек қана менің ойымды тыңдап отырғаннан сау ма 

екен  өзі  деп,  оған  қымсына  қарап  қойдым.  Қыз  жай  ғана  жымиып,  парта 

қуысындағы  дәптерін,  сия  сауытын,  қаламын  бір-бірлеп  шығарып,  жайлап 

алдына  қоя  бастады.  Оның  парта  үстіне  қойған  дәптерінің  мұқабасындағы 

жазуға көзім түсті. Онда былай деп жазылған екен: 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ 

Қазақ  Мемлекеттік  Университеті  тарих-филология  факультетінің  II  курс 

студенті ЕРБОСЫНОВА М.» 

Мен  Меңтайдың  фамилиясы  Ербосынова  екенін  осы  арада  білдім.  Ол 

дәптерінің  беттерін  парақтап  ашқанда  еткен  лекциядан  маржандай  тізілген 

айқын әріптермен шақпақ жолды үш бетке толтыра конспект жазып алғанын 

көрдім. «Бәсе, ішіндегіні біреу қайдан білсін, – деп ойладым тағы да. – Өзінің 

зеректігімен  мен ойлаған ойдың  үстінен  түсіп  жатқан  шығар.  Дегенмен,  бұл 

қыздың  аузынан  шыққан  қарапайым  сөздердің  өзі  мені  сары  алтынның 

буындай  балқытып  бара  жатқаны  тегі  оныңсұлулығынан  ғана  емес,  осы  ой 

зеректігінен де болар». 

Қазақ  тілінің  оқытушысы  біраз  кешігіңкіреп  келіп,  сабағын  жалғастырды. 

Жақыннан  қарағанда  ол  құс  мұрындығының  үстіне  мүлде  шүңірек  көз  кісі 

екен. Менің алыста отырып оны бүркітке ұқсатқаным тіпті дұрыс болыпты. 

Сабағын бастай бере ол екінші партада жапалақтай жарбиып отырған маған 

көз тоқтатты. 

– Сіз қайдан келдіңіз, аты-жөніңіз кім? – деді оқытушы маған. 



38 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет