Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет32/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Қазір, қазір, - деп қағазын жинай бастады. – Әй, Меңтай-ай, жаңа ғана бұл 

жігіттен  жауап  алып,  беддеп  күшейіп  қалып  еді.  Абыройымды  айрандай 

төктің-ау. Тым болмаса ертең ауысып отыратын едік қой. 

Маған қамқоршы қыздың аты Меңтай екенін мен енді ғана білдім. 

Аудиторияда  алғаш  естіген  аттарымды  ұмытып  қалмау  үшін  «Қанипа, 

Меңтай!.. Қанипа, 

Меңтай!..»  деп  өлең  жаттағандай,  күбірлеп,  ішімнен  бірнеше  рет  қайталай 

бердім. 

–  Ағай  жауды  тезірек  жеңіп,  оқуға  келсем,  біз  сияқты  қарындастарыңның 

қасында  отырсам  деп  талай  рет  арман  еткен  шығар.  Сөйтіп  келген  кісіні  ең 

түкпірге шошайтып жалғыз отырғызып қойғанымыз ұят емес пе? 

Меңтайдың бұл сөзі жаныма жағып кетті-ау деймін, мен: 

– Иә, иә, төрт жыл арман еттік қой, – деп ыржалақтап басымды изей бердім. 

Меңтай  сөзінен  жеңілген  Қанипа  басқа  еш  дау  айта  алмады.  Тіпті  ерніне 

келген  өткір  әзіл  сөздерінен  де  айырылып  қалды-ау  деймін.  Сасқалақтай 

орнынан тұрып: 

– Ғапу  етіңіз, отырыңыз,  – деп маған тағы бір жымия қарап, жалт еткізе көз 

тастады да, қағаздарын құшақтап артқы партаға қарай кетті. 

– Қанипа, қайда барасың? – деді қыздар әзілдеп. 

– Эвакуация, тылға көшіп барамын, - деді ол да күле жауап беріп. 

Мен  оның  орнына  отыра  беріп,  Меңтай  ойының  зеректігіне  таң  қалдым. 

Меңтайдың  жаңағы  айтқан:  «Ағай  жауды  тезірек  жеңіп,  оқуға  келсем,  біз 

сияқты  қарындастарыңның  қасында  отырсам  деп  талай  рет  арман  еткен 

шығар»  дегені,  оның  алдында  айтқан  алыста  отырып  лекция  тыңдау  ауыр 



37 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет