Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет3/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

 




Әдеби KZ 

МАХАББАТ, ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР 

Құдай-ау, қайда сол жылдар, 

Махаббат, қызық мол жылдар? 

Ақырын-ақырын шегініп, 

Алыстап кетті-ау құрғырлар. 

Абай 


Бұл кітабымды жас ғұмырдың жалынды жыршысы және жас қаламгерлердің 

жанашыр  қамқоршысы,  жалықпас  ұстазы  болған  жазушы  марқұм  Мұқан 

Иманжановтың ескерткішіне арнаймын. 

Автор 


Пролог орнына 

Әңгіме  сүйіспеншілік  жайына  ауысты.  Қазіргі  әдебиетте  махаббат  туралы 

қалай жазу керектігі сөз болды. 

– Тургенев былай деген екен, – деді әдебиет зерттеуші: 

–  «Емен  –  ең  берік  ағаш.  Оның  беріктігін  мынадан  да  білуге  болады:  өзге 

ағаштардың  жапырағы  күзде-ақ  қурап,  түсіп  қалады;  ал  еменнің  жапырағы 

қыста  да  бүлк  етпейді,  тек  келесі  көктемде  –  бұтақтарында  жаңа,  жас 

бүршіктер қылтиып бас жарғанда ғана оларға орын босатып, жерге құлайды. 

Мықты жүректі мекендеген ескі махаббат та осыған ұқсайды – өшсе де орын 

бермей,  қоламталанып  жатып  алады;  оны  жалынды  жаңа  махаббат  қана 

тықсырып шыға алады». 

–  Ал,  белгілі  жазушы  Пришвин  өз  күнделіктерінің  бірінде  былай  деп 

жазыпты,  –  деді жазушы:  «Бүгінгі  күннің  тақырыбы  – жеке  адамға  арналған 

махаббатты  көпке  деген  сүйіспеншілікпен  ұластыра  білу,  екінші  сөзбен 








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет