Әдеби KZ
айтқанда: жеке адамды жақсы көре тұрып, көпті сүйе білудің жолын табу».
Өте дұрыс айтылған. Бірақ осыны қалай көрсетуге болады?
– Оны білмеймін, – деді журналист. – Мен сіздерге тек қана өз
махаббатымның тарихын айтып берейін.
– Айтыңыз, тілеуіңізді берсін.
– Ал, тыңдаңыздар онда.
І
– Мен оларды жақсы көрдім. Бірақ олар маған қарамады, – деп бастады
Ербол әңгімесін.
Жалғыз қыз ғана жанымды ұқты, тек соны айтайын мен сізге.
Сонымен мен 1945 жылдың он төртінші ноябрь күні осы әсем астана қала
Алматыдағы Қазақ университетінің студенті боп қабылдандым. Тарих-
филология факультетінің деканы, батыр тұлғалы, кесек пішінді, жалпақ бетті,
қысық көздеу келген орта жас мөлшеріндегі сабырлы кісі документтерімді
байыппен қарап шықты да,бұрын пединституттың бірінші курсын
бітіргендіктен бірден екінші курсқа алынатынымды айтты. Мен содан бір
сағат қана бұрын, астананың Совет көшесіндегі университет үйінің
баспалдағына табанымды тіреп, жаңа ғана үзіліске шығып, дәлізді кернеп
тұрған студенттердің арасынан өтіп, үйдің ең жоғарғы екінші этажына
көтерілгенде Алатаудың асқар шыңына шыққандай болып едім. Шыңнан
шыңырауға қарағандағыдай, басым айналыңқырап, буын-буыным дірілдей
түскенін де аңғарғанмын. Енді міне декан екінші курсқа қабылдандың
дегенде, өзім екі аяғыммен нық басып тұрған деканаттың едені жылжып,
қозғала жөнелген сияқтанды. Мен деканат бөлмесінде емес, Алатаудың
|