Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет8/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

«Ал,  енді  не  айтасың»  дегендей,  жазық  маңдай,  қыр  мұрын,  ақ  құба,  аққу 

мойын, аршын төс, қара торы, қиғаш қас, ақ сары қыздар әлі маған жаудырап 

қарап отыр. Енді не айтарымды өзім де білмедім. Алма ағаштың бұтақтарын 

қайыстырып,  «өзіме  кім  қолын  созар  екен?»  деп  жерге  телміре  қарасып 

сабағында  самсап  тұрған  хош  иісті  піскен  алма  секілді  осынау  тәтті 

қыздардың  қасынан  ілгері  қарай  үндемей  одыраңдап  бос  орын  іздеп  өте 

беруді орынсыз көрдім бе, білмеймін: 

– Рұқсат па кіруге? – деппін тағы да сасқалақтап. 

Есік  жақ  қатарда  екінші  партада  отырған  шашы  көмірдей  қара,  жазық 

маңдай,  қызыл  шырайлы  қыз  күлкі  қысып,  теріс  айналып  кетті  де,  танадай 

көзін жалт еткізіп, қайтадан маған қарады. 

– Рұқсатты кірмей тұрып сұрамаушы ма еді? – деді ол жалпақтау біткен күрек 

тісі  жарқ-  жұрқ  ете  көзге  шалынып.  Содан  соң  ол  аңқаусып  арт  жағында 

отырған қыздарға бұрыла қарап қойды. 

Әлдекім мырс ете түсті. Мен қызарып кеттім. 

– Қанипа, сен қойсаңшы, – деді оның алдында отырған аққу мойын ақ сары 

қыз. – Бәлкім, бұл кісі біреуді іздеп келген шығар. 

–  Ағай,  сізге  кім  керек  еді?  –  деді  алдында  партада  отырған  кішіректеу  екі 

қыздың ақ құбасы орнынан көтеріліп. – Біреуді іздеп жүрсіз бе? 

–  Отыз  үшінші  аудитория  керек  еді,  –  дедім  мен.  –  Осы  курсқа  қосылатын 

жаңа студент едім. 

–  Е,  онда  төрлетіңіз,  –  деді  тағы  да  жазық  маңдай,  қасқа  тіс  қыз.  – 

Қосылыңыз... 

Менің «жана студентпін» деген сөзімнің қыздарға жаңаша бір әсері болды-ау 

деймін. 



10 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет