Әдеби KZ
62» деген екі сөзді жан тербетер жақсы әннің қайырмасындай қайталап,
ентелеп ілгері бастым.
Шіркеудің қарсысындағы екі этажды сары үйді адаспай табуын таптым-ақ.
Бірақ соның ішіне кіруім мұң болды. Жатақханаға жеткенше біреу
мойнымнан арқан сап дедектетіп келе жатқандай асығып едім.
Жатақхананың жанына келген соң жүрегім лүпілдеп буын- буыным құрыды
да қалды. Бағанадан бері жайдақ жермен келіп, енді бейне бір биік таудың
басына қарай өрмелегендей, ілбіп, ілгері басқан аяғым кейін кетіп, дымым
құрып, дыбысым тұншығып, әп-сәтте әлсірегендей күйге түстім. Әрең
дегенде есіктен кіріп, екінші этажға көтерілдім.
Жатақхананың ұзын дәлізінің екі жағы қатар-қатар жалғасқан ерсілі-қарсылы
есіктер екен.
Шеткі есікке тақай бере буынымды бекіткен болдым да, үйге түскен ұрыдай
тынысымды ішіме тартып, есіктердің номеріне көз жүгірте бастадым. Бала
күнімде ауылдың діндар қарттарының намаз оқығанын талай рет көргенім
бар еді. Сәждеге қайта-қайта бас қойып, өз-өзінен күбірлей тізерлеп отырған
қарт
бір
кезде
«ассалаумағалейкум,
Рахметолла!»деп
дауысын
шығарыңқырап, басын оң иығына, содан соң және «ассалаумағалейкум,
Рахметолла!» деп сол иығына қарай бұратын. Сол сияқты мен де «алпыс
екінші бөлме» деп іштей күбірлеп, басымды екі жағыма кезек бұрып келемін.
Тегі шалдарға қарағанда менің «намазым» ұзаққа созылды-ау деймін,
өйткені олар мойнын екі-ақ рет бұрса, менің әлденеше рет бұруыма тура
келді. Сөйтіп, 58, 59, 60, 61 бөлмелердің есіктері алдынан өттім. Енді алпыс
екінші келетін шығар деп, жүрегім одан сайын лүпілдей түсіп, сол жағымдағы
есіктің маңдайшасына және қарадым. Жоқ, бұл да алпыс екі емес, тіпті
мұның маңдайшасында ешбір цифр жоқ.. Ал қарсысындағы есікте 63 деген
цифр тұр. Сәл бөгелдім де, мүмкін алда шығар деп, екі жағыма кезек үңіліп,
|