Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет57/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Ұқтыңыз  ба?  Алпыс  екі  -  алпыс  екі,  -  деді  қыз  мен  ұғып  алсын  дегендей  әр 

сөзін соза айтып. – Екі рет алпыс екі. 

Мен  сәл  ойланыңқырап  барып,  басымды  изедім.  Ойланғаным:  Калинин 

көшесіндегі  жатақханаға  майданнан  бірнеше  хат  жолдағаным  есіме  түсті. 

Менің  бөгеліп  бас  изегенімді  шала  ұққандығымнан  деп  білді  ме,  әлде 

айтқанын ұқсам да ұмытып қалар деп ойлады ма, білмеймін, Меңтай дереу 

дәптерінің  арт  жағынан  бір  бетін  жыртып  алды  да,  әдірісін  жаза  бастады. 

Мен  оның  айтқанын  ұқсам  да,  ұмытпайтынымды  білсем  де,  жазбай-ақ 

қойыңыз демедім. Маған қыздың өз қолымен жазып берген қағазы қымбат 

көрінді. 

–  Өзіңіз  қайда  тұрасыз,  ағай?  -  деп  сұрады  Меңтай  әдіріс  жазған  қағазды 

бүктеп менің қолыма ұстатып жатып. 

– Дзержинский көшесінде, бір жолдасымның әкесінің үйінде пәтердемін. 

– Тұрған үйіңіз Виноградов көшесінен төмен бе, жоғары ма? 

– Төмен. 

–  Онда  біздің  жатақхананы  былай  табасыз.  Үйден  шыққан  бетіңізде 

Дзержинский  көшесімен  өрлеп,  жоғары  Виноградовқа  дейін  көтерілесіз.  Оң 

жақ бұрышта драма театрының үйі тұр, оны білетін шығарсыз. Театрдан оңға 

қарай бұрылсаңыз, бір он минуттан кейін Никольский базарына жетесіз. Сол 

жағыңыздан  бір  үлкен  шіркеудің  дүңкиіп  тұрған,  –  Меңтай  «дүңкиіп»  деген 

сөзді  балаша  созып  айтты,  –  сары  ала  күмбезін  көрсеңіз  -  сол  Никольский 

базары.  Базардың  қарсысындағы  екі  этажды  жалпақтау  сары  үйсіз  іздеген 

жатақхана болады да шығады. Енді табасыз ғой? 

– Табамын. 

– Келесіз ғой? 




62 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет