Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет55/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

болыса бастады. Осы кезде ауылдары астанаға жақын студенттер деканаттан 

жалынып жүріп рұқсат алысып үйді-үйлеріне кетісіп жатты. 

Жаңа жыл қарсаңындағы соңғы лекциялардың аралығында Меңтай менен: 

– Ағай, ертең Жаңа жыл ғой, сіз елге қайтпайсыз ба? – деп сұрады. 

Мен басымды шайқадым. 

– Неге? Өзіңіз соғыстан келдіңіз, өзге бармаса да сіздің баруыңыз керек ғой, 

ағай.  Әке  не  шеше,  тіпті  болмаса,  туыстарыңыз  бар  шығар.  Не  басқа  бір 

жақын адамдарыңыз болар. - 

Соңғы  сөйлемін  Меңтай  ойланыңқырап  айтып  еді.  Тегі,  мен  соны  сезіп 

қалмасын 

деді 


ме 

екен, 


әйтеуір, 

одан 


кейінгі 

сөздерін 

сәл 

шапшаңдатыңқырап жіберді. – Ал менің шешем тірі болса, мұнда бір сағат та 



тұрмастан үйге осы қазір-ақ жүріп кетер едім. Бірақ, шешем былтыр қайтыс 

болды. 


– Неден? – деппін мен өлген адамның неден қайтыс болғанын білсем, бейне 

бір тірілтіп жіберетіндей-ақ. 

–  Неден  деріңіз  бар  ма,  бәрі  соғыстың  әлегі  ғой,  ағай,  –  дей  салды  қыз 

шешесінің неден өлгенін ежіктеп түсіндіріп жатқысы келмегендей. 

– Біздің де үйде ешкім жоқ, – дедім мен. 

– Жалғыз екенсіз ғой. 

– Жоқ, қарындасым бар. 

– А, қарындасыңыз бар ма? – Меңтай көзі мөлдірей түсіп сәл ойланып қалды. 

–  Соғыстан  ағасы  аман  келген  қарындастан  бақытты  адам  бола  ма  екен, 

шіркін!  –  Ол  маған  қайтадан  сұрақ  қойды.  –  Ал  сіз  қарындасыңызға  неге 




60 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет