Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет53/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Дегенмен,  он  сегізге  келген  қыздың  өз  киімін  өзі  тігіп,  тоқып  кие  алғаны 

жөн  ғой,  –  деді  Меңтай  құрбысының  көңіліне  келіп  қалмасын  деген 

сақтықпен жайлап қана. – Біз енді бала емеспіз ғой, Зайкүл-ау. 

–  Мен  отыз  сегізге  келсем  де  өйте  алмайтын  шығармын.  Ештеңеге  мойным 

жар  бермейді  осы,  –  деп  қайта  мұңайды  Зайкүл.  -  Осы  сабағы  түскірді  де 

емтихан тұсында оқымас едім, қайтесің, баға керек. 

Сырттан Қанипа келіп кірді. 

– Алла-ай, – деді ол Зайкүлдің дауысына салып. – Осы сен неғып көбелек боп 

ұшып кетпей жүрсің аспанға? 

– Ей, рас соған өзімнің де таңым бар, – деді ол дөңгелек көздерін одан сайын 

бақырайта түсіп. 

–  Онда,  ұшып  кетпей  тұрғанында  орныңа  отыр  тез.  –  деді  Қанипа  Зайкүлді 

иығынан басып. – Оқытушы келе жатыр. 

Әрине, ол оқытушы келді. Оны басқа оқытушы және алмастырды. Күн сайын 

өстіп  үш-  төрт  адамнан  лекция  тыңдаймыз.  Оқытушыларымыз  да  әртүрлі, 

алуан мінезді адамдар. 

Мәселен, біреуі биязы, білімдар, басы артық сөзге жоқ кісі. Біреуі байсалды, 

маңғаз, енді біреуі жеңілтек деген сияқты. Ал тағы бір оқытушымыздың әдеті 

қыздардың шашын, иегін сипау болатын. Ол кісі келерде басқа қыздар артқы 

партаға  қарай  қашып,  алға  қасқиып  Зайкүл  мен  Қанипа  ғана  шығатын. 

Оқытушы орнынан тұрып бұлардың қасына келгенде біреуі сипауға үйренген 

мысықтай  боп  шашын,  біреуі  енесі  әукесін  жалаған  бұзаудай  сүйсініп, 

бұғатын тосып тұрады. Әрине, оқытушылар жайында уақыт алып сізге айтып 

жатуымның қажеті жоқ. Бұл  арада тек айта кетейін дегенім Меңтайдың сол 

оқытушыларды  алаламай  бәрін  бірдей  жақсы  көретіндігі  еді.  Біз,  басқамыз 




58 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет