Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет54/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

әр  оқытушының  өзімізше  кемшілігін  тауып,  мінеп  жатамыз.  Сонда  оларды 

жақтап жалғыз Меңтай ғана шығады. 

– Қыздар-ау, қойсаңдаршы. Оқытушыларымыздың бәрі жақсы адамдар ғой. 

Тек  кейбіреулердің  сүйекке  сіңген  әдеті  болады.  Адамды  ол  үшін  кінәлауға 

болмайды ғой, – деп жалынғандай жай танытады. 

–  Ендеше  ол  кісіге  өзің  неге  шашыңнан  сипатпайсың?  –  дейді  Меңтайға 

қарсы дау айтып қыздардың бірі. 

Бұған Меңтай жауап бере алмай қысылады да, шынын айтады. 

–  Мен  ұяламын,  қыздар,  менің  шашымды  шешемнен  басқа  ешкім  сипаған 

жоқ қой, – дейді. 

Қыздар оған дүрсе қоя береді. 

– Біздің басымызды шешемізден басқа кім сипапты? 

– О не дегенің, Меңтай? – десіп, бұртиысып қалады. 

–  Сендердің  әкелерің  бар,  әкелерің  сипаған  шығар  дегенім  ғой,  -  дейді 

Меңтай достарын өкпелетіп алдым ба дегендей, әрқайсысына бір жаутаңдай 

қарап.  -  Ал  оқытушы-ағай  бәрімізге  әке  құралпас  кісі  емес  пе,  сондықтан 

айтамын... Мен әкемнен ерте, ес білмеген шағымда айрылдым ғой. 

Жүзі қандай ақ болса, жанының да сондай пәктігіне көзім жетті ме, әйтеуір, 

аузынан шыққан осындай әр сөзі мен әр қылығы мені елтітіп елжіретіп, күн 

сайын Меңтайды іштей жақсы көруім артып, оған бар ықыласыммен беріліп 

құлап бара жаттым. Енді оқытушыларды қойып, мен сізге соны айтайын. 

Соғыстан кейінгі бейбіт бірінші жаңа жыл келе жатты. Жаңа жыл қарсаңында 

жұрт  туған-  туыс,  жора-жолдастарына  алдын  ала  ашық  хаттар  жолдасып, 

асығыс  телеграммалар  жөнелтісіп,  құттықтаулар  қабылдасып,  мәз-мәйрам 



59 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет