Әдеби KZ
бармайсыз? Ол жалғыз өзі сізді қашан көремін деп сарғая күтіп отыр емес
пе?
– Жоқ, жалғыз емес, тұрмысқа шыққан!
– Сіз соғыста жүргенде шықты ма?
– Иә.
– Сіздің рұқсатыңызбен бе?
– Жоқ, менен рұқсат сұраған жоқ, - дедім күліп.
Қыз: «Бәләй, неге рұқсат сұрамады екен?» дегендей, басын шайқады да,
одан соң біраз үнсіз отырды.
– Егер ешқайда бармасаңыз, – деді қыз маған қайта бұрылып, – ертең біздің
бөлмеге келуіңізді сұраймын, ағай.Қасымдағы қыздардың бәрі кетіп қалды.
Күні бойы елегізіп, бір бөлмеде бір кісінің отыруы қиын сияқты.
– Жарайды, – дедім мен әлденеге жүрегім дір ете қалып. – Бірақ мен
сіздердің мекендеріңізді білмеймін ғой.
– Ә, солай ма еді? Сіз жатақханаға әлі бір рет барып көрген жоқсыз ба?
– Жоқ.
– Ендеше сізге қалай түсіндірсем екен, – Меңтай ернін тістеп, сәл ойланып
алды. -
Университеттің екі жатақханасы бар: бірі Калинин көшесінде, бірі Виноградов
көшесінде.
Бірақ екеуі бір жерде, қатар. Виноградов, 62 - біздің жатақхана. Соның 62
бөлмесі.
|