Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет50/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

кернеп  келе  жатқан  көңілдерін  басқа  жаққа  бұрып  жіберді.  –  Қайта  сол 

сияны  төгіп  алғаны  үшін  ағайға  рақмет  айтуымыз  жөн  емес  пе?  Ағай  бізге 

қысылғанынан  ұшталмаған  сия  қарындашын  берді.  Міне  бүгінге  дейін 

отырған бәріміз сол қарындаштың сиясымен жазып келеміз. 

– Оның рас, – деді Зайкүл. – Сенің сияң төгілмесе, бұл кісі бізге ұшталмаған 

қарындашын бермес еді ғой. – Зайкүл «ұшталмаған» деген сөзді сықылықтай 

айтты. 


Осы  кезде  артқы  партада  жалғыз  отырған  Қанипа  саңқ  етіп  Зайкүлге  сұрақ 

қойды. 


– Бұл ағайдың басқа ұшталмаған ештеңесі жоқ па екен? 

Оны  естіген  екі-үш  қыз  біреу  желкелерінен  түйіп  қалғандай  тілдерін  салаң 

еткізіп,  төмен  бұқты.  Біреулер  үн  шығармай  мырс-мырс  күлді.  Менің 

қасымдағы Меңтайдан басқа қыздардың бәрінің иықтары діріл қақты. Қатты 

күліп  тоқтап,  екі  беті  қып-қызыл  боп  кеткен  Майра  ғана  сәлден  соң  басын 

көтеріп: 

– Иә, Қанипа, саған не боп кеткен, - деп құрбысын кінәлаған сияқтанып. 

Қазақтың  сөзі  қызық  қой,  шіркін!  Дұрыс  айтылған  сөзді  күлкі  үшін,  бұрып 

түсінуге де болады. Бұрып айтқан сөзден «жоқ, мен былай ойлап едім» деп 

бұлтара  салуға  және  оңтайлы.  Қуанышы  мен  бақытын  күміс  күлкінің 

сыңғырымен  өлшейтін,  әр  сөзін  астарлап  әзілмен  айтып,  әрқашан:  «осы 

күлкіден  айырмасын»  деп  тілейтін  ғазиз  жүрегі  қамқорлық  пен  қалжыңға 

бірдей  толы  жаны  жайдары  қазақ  үшін  дүниеде  бұдан  тамаша  тіл  бар  ма, 

сірә? 


–  Жолдастар!  –  Қанипа  екі  көзі  жалтылдап  орнынан  тұрды.  Бетінде  ешбір 

күлкі жоқ. 




55 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет